Сабақтың тақырыбы: Науқасты ұстаудың қауіпсіз әдістері


Тасымалдау екі әдіспен жүзеге асады



бет3/9
Дата27.09.2023
өлшемі383,75 Kb.
#111044
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция-8

Тасымалдау екі әдіспен жүзеге асады:
1) Бір тасымалдаушы науқастың кеуде жағын көтеріп, білегін шынтақта бүгіп оның денесін құшақтап білектерінен «маймыл тәсілмен» ұстайды, ал екіншісі науқас аяқтарының арасына арқасымен тұрып тізе буынынан төмен көтереді. Осыдан кейін екеуі де тіктеліп науқасты тасымалдайды. (сурет 25 а).

«Қолдары арқылы ұстау» әдісі (сурет 30)
Іс-шараның орындалуы:
· Науқас қолдарын айқастыруын өтініп, оларды кеудеге қысу (егер бір қолы әлсіз болса науқас күштірек қолымен оны ұстайды).
· Науқастың арқа жағынан келеді (отырған орындық немесе кресло артынан).
Өз қолдарын артынан қолтық асты аймағына өткізу, науқасты қолдарының білезігінен ұстау
· Науқасты тасымалдау
Сурет 30
Қолдары арқылы ұстау


Науқас жүрісі кезінде қолдау(сурет 31)

Іс-шараның орындалуы:
· Науқастың қасына тұру
· «Бас бармақпен алақанды ұстау»әдісін қолдану: науқастың оң қолын өзінің оң қолымен ұстайды (немесе сол қолымен сол қолын), науқас қолы тік, алақанымен мейірбике алақанына тіреледі
·
Басқа қолымен науқасты шынтақтан немесе қолтық астынан, белінен ұстап қолдау.
Сурет 31.
Науқас жүрісі кезінде қолдау
· Науқасқа жақын тұру, оның тізелерін оң жақ аяғымен қолдау (егер мейірбике оң жағында тұрса)
· Науқаспен қатар қозғалу.
«Көтерілген шынтақты қапсыра ұстау»
әдісі арқылы науқасты ұстау(сурет32).
Іс-шараның орындалуы:
· Орындықта (төмен кереуетте) отырған науқасқа бүйірінен бетімен қарап тұру
· Бір аяғын орындықтың жанына қою, келесісін өкшені жеңіл бұрып науқас аяғының алдына қою, оның тізелерін өз аяғымен бекіте отырып
· 
Науқасты алдыға қарай саны арқылы еңкеюін (немесе оған көмектесуін) сұрау және оның иығы сіздің кеудеңізге тығыз орналасуы қажет.
· Науқас арқасы арқылы алдыға қарай еңкейіп және оның шынтақтарынан қатты ұстаймыз да төменнен тірейміз.
· Науқас иығы сіздің қолыңызға тіреу ретінде қолдану мақсатында өз иығыңызды ыңғайлы қоясыз.
· Науқасты қажет жеріне ауыстырамыз.
Сурет 32
Көтерілген шынтақты
қапсыра ұстау
«Қолтық астынан қапсыра ұстау» әдісі арқылы науқасты ұстау
(сурет 33) 
Іс-шараның орындалуы:
· Орындықта (төмен кереуетте) отырған науқасқа бүйірінен бетімен қарап тұру
· Бір аяғын орындықтың жанына қою, келесісін өкшені жеңіл бұрып науқас аяғының алдына қою, оның тізелерін өз аяғымен бекітеді.
· 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет