1 тапсырма
ВЕНН диаграммасы
Аңшылықты бейнелейтін қазіргі уақыттағы суреттерді таратыңыз. Жартастағы және қазіргі суреттерді салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықта.
-Қандай аңдарды көруге мүмкін болатындығын сұраңыз.
Сыныпқа, ғалымдардың пікірінше, бұл суреттердің ежелгі тас дәуірінде, осыдан 25000 жыл бұрын салынып, алғашқы қауымдық өнердің алғашқы үлгілері болып табылатындығы туралы айтыңыз.
2-тапсырма Пірікірің қажет!
Суреттерден сол тарихи кезеңде өмір сүрген адамдардың өмірі туралы нені білуге болатындығын талқылап, пікір алмасуға тапсырма беріңіз. Оқушылардың болжамдарын бүкіл сыныппен талқылаңыз.
ЕБҚ оқушыға жұптық жұмыс жасауда қолдау көрсетемін. Тапсырманы саралау арқылы ұсынады
3-тапсырма Талқыла.
Суреттердің шығу себептеріне байланысты тарихшылардың берген нұсқаларын қарап шығыңыздар. Оқушылардың пікірінше сенімді болып табылатын себептерді (суреттердің салынуына қатысты) талқылаңыздар.
ЕБҚ оқушы позиция таңдайды. Ақпарат бойынша өз ойын жазбаша білдіреді
4-тапсырма. С»йкесін тап
Ежелгі діни түсініктер мен олардың анықтамалары жазылған карточкалар мен осы түсініктердің бейнелейтін суреттерді таратып, оларды сәйкестендіруді тапсырыңыз.
Ежелгі адамдардың діни түсініктерінің қалыптасу себептерін сыныппен талқылаңыздар.
ЕБҚ оқушы (көру, есту қабілеті нашар оқушыға қолдау көрсетіледі .
|
Бағалау критерийлеріОқушылар алғашқы өнер үлгілерін қолдана отырып, алғашқы адамдардың өмірін суреттейді.
Дескрипторлар:
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Мысалдар келтіреді.
Қорытынды шығарады.
Бағалау критерийлеріОқушылар ежелгі діни нанымдарды біледі және айыра алады.
Дескрипторлар:
Карточкаларды дұрыс сәйкестендіреді.
Мысалдар келтіреді.
Қорытынды шығарады.
ЕБҚ оқушы (көру, есту қабілеті нашар оқушыға қолдау көрсетіледі .
|