Ньютонның үшінші заңы,салыстырмалылық принцип туралы түсініктерін қалыптасыру.Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін нығайту, тиянақтау,
бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін шыңдау. Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Білім деңгейін көтеру.Оқушыларды өз ісіне жауапкершілікпен
қарауға, уақытын үнемді пайдалануға үйрету.
Жұмыс нәтижесі
1.Денелердің өзара әрекеттесуі кезінде туындайтын күштердің табиғаты жайлы білді
2. Ньютонның үшінші заңын, анықтамасын, формуласының ерекшеліктерін білді.
3.Галилейдің салыстырмалық принципінің мәнін түсіндіі.
4. Эксперимент жасау арқылы Ньютонның ІІІ заңын тексерді.
сілтеме
Физика оқулығы
оқулық авторлары: Р.Башарұлы, Д.Қазақбаева,У.Тоқбергенова, Н.Бекбасар.
2013 жыл
Әдістер мен тәсілдер
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқуды және оқыту үшін бағалау; дарынды балаларды оқыту, топтағы бірлескен жұмыс.
Жаңа тақырып бойынша оқулықпен жұмыс және электрондық оқулықтан қосымша түсініктемелер беріледі.
1.Денелердің өзара әрекеттесуі кезінде туындайтын күштердің табиғаты.
2. Ньютонның үшінші заңы, анықтамасы, формуласы.
3. Ньютонның үшінші заңының ерекшеліктері.
4.Галилейдің салыстырмалық принципінің мәнісі.
Түсіндіреді,айтады,
жазады
Бағалау парағы
қолдану
Дидактикалық материалдардан есеп шығару.
І топ
1. 90 Н күш денеге 1,2 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 3 м/с2 үдеу бере алады?
2. Массасы 4 кг дене қандай да бір күштің әсерінен 2 м/с2 үдеу алады. Массасы 8 кг денеге дәл осындай күшпен әсер еткенде, ол қандай үдеу алады?
ІІ топ
1. 200 Н күш әсерінен дене координатасы х=50+4t+t2 заңымен өзгеретіндей болып, түзусызықты қозғалады. Дененің массасы қандай?
2. Массасы 2 кг денеге бір түзудің бойымен екі күш әсер етеді: 8 Н және 6 Н. Олардың арасындағы бұрыш 00 болғанда, осы дененің үдеуін анықтаңдар.
ІІІ топ
Массасы 5 кг дене 15 м/с2 үдеумен вертикаль құлауы үшін оған қандай күш әсер етуі керек?
Массасы 2 кг денеге бір түзудің бойымен екі күш әсер етеді: 8 Н және 6 Н. Олардың арасындағы бұрыш 1800 болғанда, осы дененің үдеуін анықтаңдар.