Сабақтың тақырыбы Ньютонның үшінші заңы. Салыстырмалық принципі. Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата25.11.2023
өлшемі32,51 Kb.
#126388
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Сабақ жоспары Ньютонның үшінші заңы.


Физика

9 сынып

Сабақтың тақырыбы

Ньютонның үшінші заңы. Салыстырмалық принципі.



Сабақтың мақсаты

Ньютонның үшінші заңы,салыстырмалылық принцип туралы түсініктерін қалыптасыру.Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін нығайту, тиянақтау,
бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін шыңдау. Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Білім деңгейін көтеру.Оқушыларды өз ісіне жауапкершілікпен
қарауға, уақытын үнемді пайдалануға үйрету.

Жұмыс нәтижесі

1.Денелердің өзара әрекеттесуі кезінде туындайтын күштердің табиғаты жайлы білді
2. Ньютонның үшінші заңын, анықтамасын, формуласының ерекшеліктерін білді.
3.Галилейдің салыстырмалық принципінің мәнін түсіндіі.
4. Эксперимент жасау арқылы Ньютонның ІІІ заңын тексерді.

сілтеме

Физика оқулығы
оқулық авторлары: Р.Башарұлы, Д.Қазақбаева,У.Тоқбергенова, Н.Бекбасар.
2013 жыл

Әдістер мен тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқуды және оқыту үшін бағалау; дарынды балаларды оқыту, топтағы бірлескен жұмыс.



Дерек көздері

Мұғалімге арналған нұсқаулық, АКТ, электрондық оқулық, дидактикалық таратпа материалдар, интерактивті тақта.

Ойлауды Блум
бойынша жіктеу

Мұғалімнің іс-әрекеті

оқушының іс-әрекеті

Оқыту үшін бағалау

Білу

Үй тапсырмасы
A)теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
(сұрақтар қою, тест сұрақтары)

  1. Денелердің инерттілік қасиетінің мәні неде?

  2. Дененің массасы дегеніміз не?

  3. Ньютонның екінші заңы қалай тұжырымдалады?

  4. Әртүрлі денелердің инерттілігі бірдей ме?

  5. Бірнеше күш әрекет еткенде дененің үдеуін қалай табуға болады?

  6. Үйкеліс күшінің түрлері.

Сабақта білімін көрсетеді.
Оқыған материалды есте сақтайды, еске түсіреді, қайталайды.

Бағалау парағы

Түсіну

Жаңа тақырып бойынша оқулықпен жұмыс және электрондық оқулықтан қосымша түсініктемелер беріледі.
1.Денелердің өзара әрекеттесуі кезінде туындайтын күштердің табиғаты.
2. Ньютонның үшінші заңы, анықтамасы, формуласы.
3. Ньютонның үшінші заңының ерекшеліктері.
4.Галилейдің салыстырмалық принципінің мәнісі.

Түсіндіреді,айтады,
жазады

Бағалау парағы

қолдану

Дидактикалық материалдардан есеп шығару.
І топ
1. 90 Н күш денеге 1,2 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 3 м/с2 үдеу бере алады?
2. Массасы 4 кг дене қандай да бір күштің әсерінен 2 м/с2 үдеу алады. Массасы 8 кг денеге дәл осындай күшпен әсер еткенде, ол қандай үдеу алады?
ІІ топ
1. 200 Н күш әсерінен дене координатасы х=50+4t+t2 заңымен өзгеретіндей болып, түзусызықты қозғалады. Дененің массасы қандай?
2. Массасы 2 кг денеге бір түзудің бойымен екі күш әсер етеді: 8 Н және 6 Н. Олардың арасындағы бұрыш 00 болғанда, осы дененің үдеуін анықтаңдар.
ІІІ топ

  1. Массасы 5 кг дене 15 м/с2 үдеумен вертикаль құлауы үшін оған қандай күш әсер етуі керек?

  2. Массасы 2 кг денеге бір түзудің бойымен екі күш әсер етеді: 8 Н және 6 Н. Олардың арасындағы бұрыш 1800 болғанда, осы дененің үдеуін анықтаңдар.

Ойланады,талқылайды,
талдайды,шешеді,жазады



Бағалау парағы

“Ой – сергіту” кезеңі

Білек күші

Бағыттары қарама -қарсы күштердің әрекетін бақылап,талдау жасайды.

Бағалау парағы

Талдау

“Сәйкесін тап” ойыны

Ньютонның екінші заңының формуласы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет