Сабақтың тақырыбы: Нөлдік бақылау жұмысы



бет2/11
Дата16.12.2023
өлшемі166,52 Kb.
#140299
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Математикадан бақылау жұмыстарының жинағы (5-сынып) (1)

І нұсқа
А тобы
1. Өрнекті ықшамдаңдар:
а) 32+b+18; ә) (8+х)*5; б) 6х-х+2х.
2. Теңдеу құру арқылы шығарыңдар.
Оқушы бір сан ойлады, одан 27-ні азайтып, нәтижесін 2-ге көбейткенде 144 саны шықты. Оқушы қандай сан ойлады?
3. Тік төртбұрыштың ұзындығы а см, ені b см. Тіктөртбұрыштың периметрін табыңдар. Мұндағы а=17; b=9.


В тобы
4. Өрнектің мәнін табыңдар, мұндағы b=7; с=3.
а) 4b-3с; ә) 98:b+с; б) (63-b)*с.
5. Теңдеуді шешіңдер: (х-4):3=6.


С тобы
6. Теңдеу құру арқылы шығарыңдар.
Мектептегі мәнерлеп билеу үйірмесіне 36 оқушы қатысады. Ондағы қыздар ұлдардан 2 есе артық. Мектептегі мәнерлеп билеу үйірмесіне неше ұл бала қатысады?
ІІ нұсқа
А тобы
1. Өрнекті ықшамдаңдар:
а) 47+а+13; ә) (7+у)*3; б) 5х-2х+х.
2. Теңдеу құру арқылы шығарыңдар.
Асхат ақшасының жартысына фломастер сатып алған соң, оған атасы 130 теңге ақша берді. Сонда Асхаттың ақшасы 205 тг болды. Асхатта алғашқыда неше теңге ақша болған?
3. Қабырғасы а см квадраттың периметрін табыңдар. Мұндағы а=8.
В тобы
4. Өрнектің мәнін табыңдар, мұндағы а=8; b=5.
а) 5а-2b; ә) 96:а-b; б) (57-а) *b.
5. Теңдеуді шешіңдер: (n-5):6=8.
С тобы
6. Теңдеу құру арқылы шығарыңдар.
Шатырда 16 кептер қонақтап отыр. Ондағы ақ кептер саны сұр кептер санынан 3 есе кем. Шатырда неше ақ кептер қонақтап отыр?


Бақылау жұмысы №4
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Мақсаты: оқушылардың натурал сандардың бөлінгіштігі тақырыптары бойынша дағдыларын бағалау, тексеру.
Бағалау: Егер оқушы А тобының барлық есебін дұрыс орындаса, «үш» деген баға, А және В тобының есептерін орындаса, «төрт» алады. Сонымен қатар С тобының есебі дұрыс орындалса, «өте жақсы» деген баға қойылады.
І нұсқа
А тобы
1. 18 бен 12 сандарының ең кіші ортақ еселігін табыңдар.
2. Амалдарды орындаңдар: 351:13+106*21-1375.


В тобы
3. 84 санына бөлгіш, 7-ге еслік болатын ең үлкен санды табыңдар.
4. а) 354+21 қосындысы 3-ке бөліне ме, әлде 7-ге бөліне ме?
ә) 56*166 көбейтіндісі 3-ке бөліне ме, әлде 19-ға бөліне ме?
5. Велосипедші бірінші күні 65 км, екінші күні 39 км жол жүрді. Велосипедші барлық уақытта тұрақты жылдамдықпен жүргенде екі күнде неше сағат жол жүрді?


С тобы
6. 110 қызыл, 99 ақ және 143 сары гүлдерден гүл шоқтары дайындалоды. Егер гүл шоқтарының әрқасысында әрбір түсті гүлдер санын бірдей етіп дайындау керек болса, неше гүл шоғы дайындалды?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет