Сабақтың тақырыбы «Қобыланды батыр»



Дата19.10.2023
өлшемі23,76 Kb.
#119565
түріСабақ
Байланысты:
Қобыланды батыр 5-сабақ


Сабақ жоспары



САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

«Қобыланды батыр» жыры

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

А/И3. Көркем шығарманың тілі
Б/С3.Әдеби эссе

Сабақтың мақсаттары

Б/С3.Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады.
А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтайды.

Бағалау критерийлері

Жырдан көркемдегіш құралдарды табады
Өзіндік көзқарасын білдіре отырып , әдеби эссе жазады.

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестері:
Сөз маржаны, шешендік өнер, ұрпақ, ақыл, нақыл, ой салу, құндылық, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, саф алтындай
Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:
Менің ойымша.....
Ережеге сай...
Тарихи деректерге сүйенсек...

Осыған дейін меңгерілген білім

«Қобыланды батыр» жыры

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы
8 минут



І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар назарын сабаққа аударып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
ІІ.Қызығушылықты ояту
http://www.bilimland.kz/kk/content/category/free#opt%5Bpay_status%5D%5B1%5D=1&opt%5Bstructure%5D%5B1141%5D=1&p=5&pn=6&lesson=7768
Жырдан үзінді тыңдатылады.
Алған әсерлерімен бөліседі.

  • «Қобыланды батыр» жыры кез келген адамның ұлтжандылығын оятып, сезіміне әсер ете алады ма?

  • Қазіргі ұрпақ Қобыланды батыр сияқты батыр болсам ,өз еліме қорған болсам деп армандай алады ма?

Оқушыларға ой қозғау мақсатында сұрақтар қойылады.


Сабақтың ортасы
12 +20 минут

Берілетін тапсырмалар:
«Сөздік ойыны»
Оқушылар сынып ішіне жасырылған бүктеме қағаздарды іздеп табады.
Қағазда көркемдегіш құралдардың анықтамасы жазылып тұрады.
1. Оқушылар жырды оқи отырып ,көркемдегіш құралдарды табады.

Көркемдегіш құралдар

Шығармадан мысал келтіріңіз

теңеу сөздер




эпитеттер




метафоралар




әсірелеу




2.Кестеде берілген сұрақтарды негізге ала отырып , эссе жазады.


«Қобыланды батыр» жырының қазақ әдебиетіндегі орны

Дескриптор

Эссе құрылымын сақтайды;

Тақырыпты ашады.

Эссе жазуға тірек болар сөздер кестесі



Мазмұны мен тақырыбына байланысты

Белгілі бір кейіпкер үзіндіде қалай суреттелген?

Тіліне байланысты

Үзіндіде қандай тілдік құралдар қолданылады? Сол арқылы образ қалай ашылады?

Баға беруге байланысты

Үзіндіге немесе шығармаға жалпы көзқарасы, өзіндік баға





Әсірелеу( гипербола (грек. күшейту) – суреттелетін затты немесе құбылысты шамадан тыс асыра суреттеу тәсілі. Мысалы:
Сонда Бурыл гуледі
Табаны жерге тимеді
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай келеді.



Сабақтың соңы
5 минут

Кері байланыс.
«3-2-1»
Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;
Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;
Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.




Үй тапсырмасы

Жырды қайталап оқу



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет