Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі:оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Тірі ағзадағы буферлік жүйенің маңызын біледі
|
Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру.
|
|
Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Тапсырма
Буферлік ерітіндіге күшті негізді қосқанда не болады?
Гидроксид-иондар………....иондарымен әрекеттесіп, аздаған мөлшерде………….. хлоридін түзеді. Тепе-теңдік............. қарай ауысады. Қосылған гидроксид-иондар................. қалатындықтан, ерітіндінің рН-ы…………..
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
1.Көп нүктені толтырады
|
ДК экраны
11-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2. Тапсырма
1.0.7 моль/л сірке қышқылы мен 1.2 моль/л натрий ацетатынан тұратын қышқылдық буферлік ерітіндінің рН мәні қандай?
2.26.75 г қатты аммоний хлоридін, NH4Cl, 2.0 л 0.5 М-лік аммиактың сулы ерітіндісінде еріту арқылы алынған ерітіндінің рН мәнін есептеңіз. Тұзды қосқанда ерітіндінің көлемі өзгермейді деп алыңыз. Аммиактың Kb мәні – 1.8 × 10−5 моль/л.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Есептерді шығарады
|
ДК экраны
11-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|