1-тапсырма. Топтық жұмыс: Оқушылар презентациядан мына заттардың жану реакциясының теңдеуін аяқтап, түзілген заттарға назар аударады: Магний + оттек → Күкірт + оттек → Метан (СН4) + оттек →
Сутек + оттек → Фосфор + оттек → Спирт (С2Н5ОН) + оттек →
Қант (С12Н22О11) + оттек →
Тапсырма орындалып болған соң, келесі сұрақтар ұсынылады.
1 .Жану реакциясының өнімдері...
2. Құрамында көміртек атомдары бар қосылыстардың жану өнімдері бойынша ... қорытынды жасауға болады.
3. Заттар жану үшін ... қажет.
Дескриптор:
жану реакциясының теңдеулерін аяқтап, түзілген заттарға назар аударады
Жану реакциясының өнімдері қандай заттар болып табылатынын анықтайды
құрамында көміртек бар отындар жанғанда қандай өнімдер түзілуі мүмкін екенін түсінеді
заттардың жану үшін нелер қажет екенін біледі
2-тапсырма. Кестені толтыр. Жану реакциясы нәтижесінде бөлінген газдардың тірі организдерге, қоршаған ортаға әсерін түсіндіріңіз.
Отын түрлері
Жану реакциясы
Реакция өнімі
3-тапсырма. «Ізден, тап».
1. Парниктік эффектіні тудырушы заттар?
2. Жаһандық жылынудың себептерін атаңыз.
3. Парниктік эффекті құбылысын шешу жолдарын ұсыныңыз?
Дескриптор.Білім алушы: А деңгейі
Отын түрлерін атайды.
Отынның агрегаттық күйлері бойынша мысалдар келтіреді.
Парниктік эффект ұғымына анықтама береді.
В деңгейі
Жану реакцияларын жазады, түзілген өнімді атайды.
Жан реакциясы нәтижесінде бөлінген газдардың тірі организмге, қоршаған ортаға әсерін түсіндіреді.
С деңгейі
Парниктік эффектіні тудырушы газдарды атайды.
Жаһандық жылынудың себептерін түсіндіреді.
Парниктік эффекті құбылысын шешу жолдарын ұсынады.