Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау



бет2/2
Дата29.03.2023
өлшемі330,61 Kb.
#77200
түріСабақ
1   2
Байланысты:
тк3зг3штерд3 параллель жал5ау

Кейбір оқушылар:

  1. Аралас жалғау кезіндегі кедергіні, өткізгіштердегі ток күшін және кернеуді анықтай білу

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

  1. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың анықтамасын біледі;

  2. Сұлбаға қарап жалғаудың түрлерін ажыратаалады;

  3. Ом заңын қолдана отырып, жалғау кезіндегі ток күші, кернеу және кедергіні өрнектейді;

  4. Аралас жалғауға берілген есептерді шығара алады.

Тілдік мақсаттар



Пәндік лексика мен терминология;
Коммуникативтік дағдылардыларды қалыптастыру;



Қазақ тілі

Орыс тілі

English

1

қосылу, жалғау

соединение

combination



Құндылықтарға баулу


«Мәңгілік ел» Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу, Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Пәнаралық байланыс

Математика, ағылшын тілі, орыс тілі

Алдыңғы білім

Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар


Сабақтың басы

4 минут


Ұйымдастыру:

  1. оқушылармен амандасу;

  2. психолгиялық ахуал туғызу;

  3. топқа бөлу:Оқушылардыток күші, кернеу, кедергіге қатысты анықтамалар мен терминдер арқылы топқа жиналады.

І топ - ток күші
ІІ топ - кернеу
ІІІ топ - кедергі
Оқушылар топқа бөліне отырып, ток күші, кернеу, кедергі шамалары туралы өткен мәліметтерді еске түсіреді.

Топқа бөлуге арналған карточкалар

I


амперметр

q/t


тізбектей

U/R





Топтың атауы

Сабақтың ортасы


5 минут




Білу, түсіну
10 минут

4 минут

Қолдану
10 минут


Жаңа сабақ.
(Тақырыбы мен мақсаты интерактивті тақтаға жазылады. Оқушылар дәптерлеріне жазады)
Жаңа тақырыпқа ашу мақсатындасын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуда «Миға шабуыл » әдісін қолдана отырыпортаға сұрақ тасталады

Қ ы з ы ғ у ш ы л ы қ т ы о я т у
«Сұрақ қою жəне талқылау» әдісі
Оқушылар берілген сұрақты топта талдай отырып, жауап береді. Өзбеттерінше топпен біріге отырып, қорытынды шығарады
І топ
Егер шырша шамының біреуі істен шықса, түгел тізбек жұмыс жасамай қалмайды, ал бөлме шамының біреуін сөндірсе, басқалары жұмыс жасап тұра береді. Неліктен?

ІІ топ
Суреттердің айырмашылығы неде? Қорытынды шығарыңыздар.
ІІІ топ
Электр тізбегіндегі берілген жалғаулар арасындағы қандай айырмашылықты байқап тұрсыздар? Шамдарды біреуін сөндіріп қарап, не байқағадарыңызды айтыңыздар. Себебін түсіндіріп көріңіздер
Бағалау:Қол шапалақтау

Тиімді кері байланыс


М а ғ ы н а н ы т а н у
Жаңа сабақ тәжірибе және презентация (тірек сызба) арқылы түсіндіріледі






















Бағалау: «Бағдаршам» әдісі. Оқушылардың жаңа сабақты түсінуіне байланысты өзін-өзі бағалауы.
Жаңа сабаққа қатысты терминология 3 тілде беріледі. Оқушылар қайталап тілдерін жаттықтырады.



Қазақ тілі

Орыс тілі

English

1

қосылу, жалғау

соединение

combination

2

жалғау түрлері

виды соединение

connection

3

тізбектей

последовательные

series

4

параллель

параллельное

parallel

5

жалпы кедергі

Общие сопротовление

total resistance

О й т о л ғ а н ы с«Куб» әдісі
Сұрақ топтағы бір оқушыға ұсынылады. Оқушы жауабын білмесе жұппен бірігіп талдайды, жұппен шеше алмаса топта талқылайды. Келесі топтар толықтыруына болады.

  1. Сипаттаңыз:Өткізгіштерді жалғаудың қандай түрлері бар? Оларға анықтама беріңіз?

  2. Салыстырыңыз:Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды салыстырыңыз.

  3. Зерттеңіз:Неліктен тұрмыста параллель жалғауды қолданамыз? Себебін түсіндіріңіз.

  4. Талдаңыз:Неліктен тізбектей жалғауда жалпы кедергі артады ал параллель жалғауда азаяды?

  5. Қолданыңыз:Күнделікті тұрмыстан тізбектей және параллель жалғауға мысалдар келтіріңіз.

  6. Дәлелдеңіз:Тізбектей және параллель жалғауда өткізгіштердің бірі істен шықса, не байқалады? Тәжірибе арқылы дәлелдеңіз.

дескриптор

  1. Сұраққа жауап береді;

  1. Сұраққа жауап бере отырып, себебін түсіндіре алады;

  1. Дәлелдемелер келтіре алады.

Бағалау: «Бас бармақ»
Тиімді кері байланыс жүргізіледі


Есептер шығару:«Кім жылдам»
Әрбір топқа есептер тасталады. Оқушылар есепті өздері таңдап алады.
А деңгейі

  1. Кедергілері 5 Ом және 3 Ом екі өткізгіш бір-біріне тізбектей жалғанған. Тізбектегі ток күші 1,5А болса, әрбір өткізгіштегі, тізбектегі толық кернеу неге тең?

  2. Кедергілерді 20Ом және 30Ом болатын екі резистор кернеуі 24В электр тізбегіне жалғанған. Екі резисторды тізбектей және параллель жалғағанда тізбектегі ток күші қандай болады?

В деңгейі

  1. R 1=6 Ом, R2=12 Ом, R3=15 Ом, R4=3 Ом болса, тізбектің толық кедергісі неге тең?



  1. Тізбектегі жалпы кедергіні және жалпы ток күшін табыңдар

С деңгейі

  1. Суреттегі жалпы кедергіні және кернеуді табыңдар.





  1. Амперметр 6А көрсетіп тұрса, R13 Ом; R22 Ом; R34 Ом, R2 кедергідегі ток күшін тап

Дескриптор

Есеп шартына қарап, берілгенін дұрыс жазады;

Суретке қарап жалғау түрін ажырата алады;

Әртүрлі жалғау кезіндегі толық кедергіні таба алады;

Ом заңын қолдана отырып әр өткізгіштегі ток күші және кернеуді таба алады;

Нәтижеге талдау жасайды, түсініктеме береді

Бағалау:«Геометриялық фигуралар» арқылы
Топтардың бірін-бірі бағалауы. Есептің дайын жауаптары оқушыларға ұсынылады. Бір топ келесі топты тексереді.

5-і толық орындалса -

4 -і орындалса -

3-і орындалса



Тиімді кері байланыс

Презентация, тәжірибеге қажетті құрал – жабдықтар:
Ток көзі, амперметр, вольтметр, шамдар, кілт жалғағыш сымдар


Презентация, электр тізбегі


тірек-сызба (графикалық органайзер)


Сөздік, терминология

Кубик

А,В,С деңейіндегі есептер

Геометриялық фигуралар



С абақтың соңы
5 минут


2 минут



Қорытындылау
Жеке жұмыс: оқушылар қолдарына берілген парақшадан ақиқат және жалған пікірлерді белгілейді. Жауабы тақтада шығарылады. Қатар отырған 2 оқушы бірін-бірі тексереді.
«Иә, жоқ» әдісі



тұжырымдар

ия

жоқ

1

Тізбектей жалғау кезінде жалпы кедергі кедергілердің орташа мәніне тең







2

Жалпы ток күші 35Ом –ға тең?







3

Тізбектей жалғау кезінде, кедергісі жоғары өткізгіштің ұштарындағы кернеу де жоғары болады







4

Тізбектей жалғау кезінде жалпы ток күші әрбір өткізгіштердегі ток күштерінің қосындысына тең болады







5

Параллель жалғау кезінде жалпы кедергі әрқашан өткізгіштердің кедергісінен аз болады







6

Егер кедергілері бірдей екі өткізгіш параллель жалғанса, олардан өтетін ток күші бірдей болады







7

Параллель жалғау кезінде жалпы кедергі жеке өткізгіштердің кедергісінен үлкен болады







8

Параллель жалғау кезінде тізбектің барлық бөлігіндегі кернеу бірдей болады







Бағалау: Смайликтермен бағалау
Бірін-бірі тексерген оқушылар, бірін-бірі смайликтер арқылы бағалайды
Оқушы к ері байланыс ы:
«Тазалық» әдісі

Мұғалім кері байланысы

Оқушыларға жеке берілетін тапсырма




Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Саралаудың әдістерін «Куб» және «Кім жүйрік» тапсырмасында қолданамын. Куб әдісінде оқушыларға жеңілден ауырға бағытталған сұрақтар беріледі. Сұрақты ортада бір оқушыға тастаймын. Кейбір оқушылар бұл сұрақтарға өздері бірден жауап береді, ал кейбір оқушылар жұптық, одан әр топтың көмегіне жүгінеді.
Келесі есеп шығару «Кім жүйрік» тапсырмаларында оқушыларға деңгейлік есептер беремін. Оқушылар есептерді өздері таңдап шығарады. Есептер А, В, С деңгейінде беріледі.Оқушылардың тапсырмаларды орындауын бақылаймын, бағыттаймын, көмегім қажет оқушыларға бағыт бағдар беремін,көмек көрсетемін.

Қалыптастырушы бағалау
«Қол шапалақтау»

«Бағдаршам» әдісі



«Бас бармақ» әдісі



Дескриптор

Есеп шартына қарап, берілгенін дұрыс жазады;

Суретке қарап жалғау түрін ажырата алады;

Әртүрлі жалғау кезіндегі толық кедергіні таба алады;

Ом заңын қолдана отырып әр өткізгіштегі ток күші және кернеуді таба алады;

Математикалықесептеужүргізеді;

Нәтижегеталдаужасайды, түсініктеме береді

«Геометриялық фигуралар» әдісі




«Смайликтер» арқылы
Кері байланыс «Тазалық» әдісі
Оқушылар жасаған кері байланыс бойынша мен келесі сабаққа оқушыға қиын болған, түсінбей қалған тұстарын қайта көрсетуге дайындалып келемін.
Мұғалім кері байланысы:
Өзім кері байланысты «Бутерброд» әдісі арқылы жүргіземін.

Оқушыларға бүгінгі сабақ бойынша жағымды түсініктеме беріп, кейін түзету және толықтыру керек тұстарын көрсетіп, соңынан тағы бір жағымды пікірмен сабақты қорытындылаймын.
Оқушылар мен әлі де толқытыру, қайталау керек деген тұстарды жетілдіреді.

Бұл сабақ электр тогымен тікелей байланысты болғандықтан алдын ала
оқушыларға қауіпсіздік техникасы ережесін естеріне түсіртіп өтемін. Жұппен және топпен жұмыс кезінде топтың ережелерін әр кез жадында ұстап артық қимыл көрсетуге, қасындағы оқушыға кедергі келтіруге болмайды.


Сабақ бойынша рефлексия





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет