Сабақтың басы
|
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылармен сәлемдесу;
-оқушыларды түгендеу;
-ынтымақтастық атмосферасын орнату.
|
Мұғаліммен сәлемдеседі, сабаққа дайындала
ды.
|
«Мадақ
тау» арқылы бағалау
|
Кітап
Слайдтар
Видеороликтер
Хабарламалар
|
Сабақтың ортасы
|
ІҮ. Жаңа тақырып:
Қазақтар этногенезінің кезеңдері:
Фин-угор кезеңі. Ботай-Терсек мәдениетін жасаушылар аралас еуропеоидті-оралдық антропологиялық түрге жатады. Ғалымдардың көпшілігі оларды угорлар деп есептейді.
Үндіеуропалық кезеңі. Үндіеуропалықтармен қола дәуірінің жақсы зерттелген кезеңі Андрон мәдени қауымдастығының уақыты байланыстырылады. Андрондықтардың үндіирандық екендігі туралы жазбаша және лингвистикалық деректермен расталады.
Андрондықтар антропологиясы. Андрондықтар еуропеоидтердің екі типінде кездеседі. Ұзын бас сүйекті және сопақтау бетті жерортатеңіздік тип олар мекендеген жердің батыс бөлігінде болды. Андрондықтар мекендеген аймақтың солтүстігінде оралдық типтің, ал шығысында моңғолоидтықтың айқын белгілері орын алған.
Ү. Жаңа тақырыпты меңгерту
Топтық жұмыс. Сабақты тереңдете меңгерту мақсатында оқушыларға топтық тапсырма беріледі. «Джигсо» әдісі
1-топ Қазақтар этногенезінің басталуы
2-топ Этногенездің түркілік кезеңінің басталуы
3-топ Ұлы Даланың ирандық тайпаларының тағдыры
Топтық тапсырмаларды орындау үшін берілетін критерийлер:
- тарихи деректерді қолданады;
- оқиғаның тарихи құндылығын анықтайды
- деректерге жаңаша көзқарас ұсынады
Жеке жұмыс. Картамен жұмыс. Карта бойынша 1) сақ, юэчжи, үйсін, қаңлы, ғұн тайпаларының мекендеген және көшіп-қону аймақтарын анықта
Дескрипторлар:
Картадан атаулы аймақтарды көрсетеді;
Картада аймақтардың шекарасын белгілейді.
|
Оқушылар берілген мәліметтер мен танысады. Алған білімдеріне талдау жасайды.
Оқушылар критерийлерді қолдана отырып топтық тапсырма орындайды.
Оқушылар дескрипторларды қолдана отырып картадан атаулы аймақтарды анықтайды.
|
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау
Дескрипторлар арқылы бағалау
|
Слайд
|