р- элементтерінің периодты өзгеруі
Солдан оңға қарай p-элементтердің атом радиусы кішірейеді, иондану энергиясы артады, бұл p-элементтердің бейметалдық қасиеттерінің артуына және тотықтырғыш қасиеттерінің өсуіне әкеледі. Жоғарыдан төмен қарай топтарда элементтердің металдық қасиеттері артады. Селен, фтор, бром және йод микроэлементтер болып табылады және организмде тотығу дәрежесі -2 және -1 болатын галоген иондары түрінде кездеседі.
Cl ионы – макроэлемент. Төменгі тотығу дәрежесін көрсететін p-элементтері улы, ал жоғары тотығу дәрежесін көрсететіндер микроэлементтер болып табылады.
Табиғатта кездесуі
13-18 топ элементтері табиғатта бос күйінде және қосылыс күйінде кездеседі. Жер атмосферасы, негізінде, азот және оттек – p-элементтерінің молекулаларынан тұрады. Жер қыртысында бор және галлий сирек кездеседі.
Алюминий. Периодтық жүйесіндегі орны, табиғатта таралуы
Алюминий периодтық жүйеде 3 периодта 13 топтың элементі. Белсенді болғандықтан алюминий табиғатта бос күйінде кездеспейді, ал қосылыстар құрамындағы алюминий – табиғатта ең көп таралған металл, жер қыртысындағы жалпы мөлшері 9%, металдар арасында бірінші орында. Алюминий қосылыстарының ішіндегі ең маңыздылары: Al2O3 (корунд, рубин, сапфир), Na3AlF6 (криолит), Al2O3⋅ xH2O (боксит).
Еліміздегі алюминийдің ең басты шикізаты – бокситтер. Олардың негізгі кен орындары Торғай ойпатында, Ертіс маңында және Оңтүстік Қазақстан да бар. Қостанай мен Павлодар облыстарында бокситтік кен орындары бар және шикізаттық, қайта өндіретін өнеркәсіптік комплекстер орналасқан.
Алюминийдің минералдары: а-корунд, ә-боксит, б-криолит
Алынуы
Алюминийді 1821 жылы неміс ғалымы Ф.Велер алюминий хлоридін сілтілік металдар калиймен немесе натриймен ауасыз қыздыру арқылы алды.
Өндірісте алюминийді глиноземнің Al2O3 криолиттегі балқымасын электролизі арқылы алады:
Достарыңызбен бөлісу: |