Сабақтың тақырыбы: Пластмассаларды және талшықтарды тану Модуль /пән атауы: Химия Педагог: Сапарбаева Жадыра



бет3/4
Дата19.04.2023
өлшемі21,11 Kb.
#84447
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
282861fa-7019-4800-a888-20f73b164551

Полиметилметакрилат
[CH2-C(CH3)CO2CH3]n– термопластикалық,
өте мөлдір, қатты зат, УК сәулелерді өткізеді. Ол
ацетонда, хлорлы көмірсутектерде, күрделі
эфирлерде ериді.
Полихлорвинил
(CH2-CHCl)n–
термопластикалы материал, механикалық беріктігі жоғары, жанбайды. Поливинилхлорид негізінде екі пластмасса алынады: винипласт, пластикат. Химиялық және құрылымдық зерттеулер арқылы полихлорвинилдің молекуласындағы хлор атомдары 1,3 жағдайларда орналасатыны анықталды:
....---СН2 – СН- СН2 – СН – СН2- ....
СI CI
Полипропилен
[CH2-CH(CH3)]n–
қышқыл, негіз және майлардың әсеріне төзімді, кәдімгі температурада ешбір еріткіште ерімейтін термопластикалы материал. Молекулалық массасы 300-700 мың аралығында.
Фенолформальдегид
шайыры
Фенолформальдегид полимерлері ароматты карботізбекті полимерлерге жатады. Қышқыл өршіткі қатысында ν(С6Н5ОН): ν(CH2O)=7:8 болғанда термопластикалық шайыр, ал өршіткі ретінде аммиак суын пайдаланып және ν(С6Н5ОН): ν(CH2O)=6:7 болғанда, яғни формальдегид мөлшері аздап артық болғанда кеңістік құрылысты термореактивті шайыр түзіледі.
Фенолформальдегид шайыры
Ұнтақталған шайыр мен толықтырғыш ретінде ағаш ұнтағын араластырып пресұнтақ деп аталатын зат жасайды.
Толықтырғыш ретінде қысқа талшықты мақталар тәрізді талшықты материалдар қолданып, волокниттер деп аталатын пластмассалар алынады.
Толықтырғыш ретінде мақта маталар пайдаланылған болса, ерекше мықты пластмасса- текстолит алынады.
Шыны талшықтарды пайдаланып шыныпластиктер алады. Шыныпластиктер жеңіл және өте берік материалдар.
Химиялық талшықтар:
Жасанды
Табиғи органикалық
материалдарды (ағаш, мақта целлюлозасы) әртүрліхимиялық заттармен:ацетон,сіркесу, азот,күкіртқышқылдарымен арнайы өңдеу арқылы алады.Мұндай талшықтарға нитро-жібек, вискозалы және ацетатты жібек жатады
Синтетикалық
Синтетикалық талшықты әртүрлі заттарды : мұнай,таскөмір,табиғи газ және ілеспе мұнай газынауылшаруашылық және және целюлоза-қағаз өнеркәсібінің қалдықтарын химиялық өңдеу арқылы алады.Бұл заттардан жоғары молекулалы шайыр алынады, олар синтетикалық талшықтарды (нейлон,капрон,лавсан,т.б.) өндіруге қажетті бастапқы материал болып табылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет