Дайын бұйымды қорғау:
1. Алжапқыш моделін көрсету.
2. Бұйымның моделі, әрлеуі, оның ерекшелігі, таңдалған материалы мен оның қасиеті туралы әңгімелеу.
3. Эстетикалық түрі мен сапасын жақсарту үшін бұйымның қай жеріне өзгерту енгізуге болатынын көрсету.
4. Бұйымды дайындау барысында жинақтаған жаңа білім, біліктілігі, жұмыс барысында кездескен қиындықтар туралы әңгімелеу;
5. Дайын бұйымның әдемі жақтары мен кемшіліктерін көрсету;
6. Бұйым құнын есептеу және бұйымды дайындаудың пайдасы туралы қорытынды жасау;
Бұл сабақта шығармашылық жұмыстың қорытындысы шығарылады.
Оқушылар таныстырып болған соң дефиле, сән көрсету түрінде қойылым жасайды.
Оқушылар бұйымды дайындау кезеңі бойынша суретімен, эскизімен электронды презентацияларын көрсетеді.
Оқушылар сыныптастарының жұмысына пікір немесе ұсыныс жазуады.
|
Өз жоба жұмысын таныстыру;
Арнайы термин сөздерді пайдаланып, өз ойын негіздеп жеткізу;
Сыныптастарының жұмыстарын жақсарту бойынша ұсыныстар айту.
|