Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс Бөлімі: Ұзақмерзімді жоспар тарауы



бет1/4
Дата22.12.2023
өлшемі27,06 Kb.
#142771
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
01.12.23


«Келісілді» _________
Оқу ісі меңгерушісі
А.А.Зейн

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:
2-бөлім. «Ойын құру» (ортақ тақырыптар: «Уақыт», «Сәулет»)

Педагогтің аты-жөні:

Тлюупова А.Е

Күні:

01.12.2023

Сыныбы: 3

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Практикалық тапсырмалар.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.4.2.4 программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:
Көрініс пен кейіпкерді жоба жасауда бірге қолдануды үйренеді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту. «Мадақтау» ойыны
Оқушылар сынып ішінде ары-бері жүріп, бір-біріне мақтау мен мақтау айтады: «Бүгін тіпті құлпырып кетіпсің ғой!», «Мен сені шыншылдығың мен әділеттілігің үшін сыйлаймын!», «Сен өте әдепті жансың!», «Маған сенімен бір топта жұмыс жасау ұнайды!» т.б. Бұл ойынды шағын топ ішінде де ұйымдастыруға болады. /Оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды/.

Топтастыру:

Топтастыру. «Молекулалар» әдісі
Мұғалім оқушыларға енді олардың атомдар екенін айтады. Содан соң «10 атомнан молекулаға бірігіңдер!» деген тапсырма береді. Осылайша, атом санын азайта береді.
Мұғалім өзінің қанша оқушыдан бірігетінін айтып топтастырады.
І топ: Атомдар.
ІІ топ: Молекулалар.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып,
суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

Жобада көріністерді қолдануға қандай
мысалдар келтіресің?

  • Көрініс пен кейіпкер жоба құру кезінде қалай байланысады?

  • Кейіпкердің қозғалысына көріністің қандай әсері бар?




Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай
«Бас бармақ» әдісімен бағалайды.



Интерактивті тақта

Оқулық









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет