Сабақтың тақырыбы: Проблемалық оқыту технологиясы Сабақтың мақсаты



бет3/5
Дата11.05.2022
өлшемі25,18 Kb.
#34001
түріСабақ
1   2   3   4   5
ІІ. Өткенді пысықтау.

1. «Ізгілендіру технологиясы» туралы педагогикалық әдебиеттерде не делінген?

2. «Білім берудегі ізгілендіру технологиясы» тақырыбы бойынша дайындаған сызбаларын, слайдтарын қорғау

3. «Ізгілік», «мораль», «этика», «адамгершілік» ұғымдарына берілген анықтамаларды сұрау.



ІІІ.Жаңа сабақ.
Жоспар:

1.Проблемалық оқыту технологиясы туралы жалпы түсінік.

2.Проблемалық сабақтар өткізудің жолдары, әдістері, ұйымдастыру формалары.

Миға шабуыл. - Проблемалық оқыту технологиясы қандай проблемаларды шешуге бағытталған деп ойлайсыздар?

Проблемалық оқыту технологиясы - оқушылардың іс-әрекеттік белсендіру және күшейту негізіндегі педагогикалық технологиялардың бірі.

Проблемалы оқыту технологиясы – бұл проблемалы жағдайларды, оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыруға негізделген технология.

Проблемалық оқыту - проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап ететін есептердің, тапсырмалардың, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әр түрлілігін түсінуге болады. Бұл оқыту оқушы ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Проблемалық оқыту оқушының репродуктивті, продуктивті және шығармашылық қызметін жетілдіруді көздейді.

Проблемалық оқыту теориясын В.Т. Кудрявцев, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин, М.Н.Скаткин өз еңбектерінде жан-жақты зерттеген. Проблемалық оқыту теориясының негізін қалаушылар оқудағы ойлану қызметі тек қана жаңа білімді меңгеріп қана қоймай, сол мақсатқа жетудің жаңа тәсілдерін де үйрену деп есептейді.

М.И.Махмутов: «Білім мен білім алу әрекеті арасындағы өзара байланыс оқушы өзі білмейтін нәрсемен танысқанда, оны түсінуге тырысқанда пайда болатын қайшылықтардан шығу жолын іздегенде ғана тығыз болады. Өйткені, ол жаңа білімді игеру барысында ізденіс жасап, әрекет етеді», - деп көрсетеді. Мұндай жағдайдан шығу білімді меңгерудің жолын құрастыру кезінде туындаған проблеманы шешу үшін ойлану қабілетін дамытқанда ғана іске асады.

А.М.Матюшкиннің анықтамасы бойынша, «оқытудағы ойланудың негізгі қызметі тек қана жаңа білім алып, жаңаша әрекет етуге мүмкіндік беретіндігінде. Адам өміріндегі барлық білім жүйесі мен іс-әрекеті оның ойлау қабілетінің нәтижесі. Адамның білімі оның ойлануының көрінісі, яғни негізгі танымдық құралы».

Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижеге жету жолының өзін де, процесін де меңгеру, оқушылардың таным  дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Проблемалық оқытудың міндеттері:

- оқушылардың білім жүйелері мен ақыл-ой және практикалық қызмет тәсілдерін меңгерту;

- танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- оқушылардың өз бетінше ойлау қабілеттерін дамыту.



Проблемалық оқытудың теориялық негіздері. Проблемалы оқыту кезінде мұғалімнің жетекшілігімен проблемалы жағдай жасалып, оқушылар оны шешуге белсенді түрде қатысады, осы іс-әрекеттің нәтижесінде оқушылар кәсіби білімді, дағды мен біліктерді меңгеріп, ойлау қабілеттерін дамытады.

Педагогикалық проблемалы жағдай белсенділікті оятатын әрекеттердің, таным объектісінің жаңалығын, маңыздылығын, сұлулығын және басқа да ерекшеліктерін айқындайтын мұғалім сұрақтарының негізінде туындайды.

Психологиялық проблемалық жағдай жасаудың өзіндік жеке ерекшеліктері бар. Тым қиын, не тым жеңіл танымдық міндет оқушылардың ойында проблемалық жағдай туғызбайды.

Проблемалы жағдайларды оқу үрдісінің барлық, яғни жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде, жаңа сабақты бекіту, тексеру кезеңдерінде ойластыруға болады. Мұғалім проблемалы жағдай (ситуация) туғызып, оның шешімін іздеуге оқушыларды бағыттайды. Сөйтіп, бала өз оқуының субьектісіне айналады, соның нәтижесінде бала жаңа білімді игеріп, әрекет әдістерін меңгереді, белсенділіктерін жетілдіреді, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, пәннен терең білімділіктерін дамытады. Оқушылардың ғылыми тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасады. Көтерілген мәселе бойынша ақпарат құралдарының мәліметтерімен, кітапханадағы қосымша әдебиеттермен, энциклопедиялық сөздіктермен, т.б. жұмыс істей отырып білім қорларын молайтады. Қозғалған мәселе бойынша бір-бірімен ой бөліседі,   өз көзқарастарын білдіреді, оны дәлелдейді.   Проблемалық жағдайларды шеше отырып, оқушылар өз беттерінше саралап, түсініп, игеріп, талдап, баға береді.

Проблемалық оқыту жағдайындағы мұғалімнің қызметі мынадан тұрады: ол қажетті жағдайда неғұрлым күрделі ұғымдардың мазмұнын түсіндіре отырып, ұдайы проблемалық ситуациялар жасайды, оқушыларға фактілерді хабарлап, олардың оқу-танымдық қызметін фактілерді талдау негізінде оқушылар өздіктерінен қорытындылар мен жинақтауларды жасайтындай, ұғымдарды, ережелерді, теоремаларды, заңдарды тұжырымдайтындай немесе белгілі жаңа ситуацияға өздігінен қолданатындай (ойлап табады, жоспарлайды, әдемілеп жасайды) немесе шындық болмысты көркем бейнелейтіндей (өлеңдер, шығармалар жазады, сурет салады,ойнайды) етіп ұйымдастырады. Соның нәтижесінде оқушыларда ақыл-ой операциялары мен әрекет дағдылары, білімдерді тасымалдау дағдылары қалыптасады, зейін, ерік, творчестволық қиял, ойлап тапқыштық дамиды, жаңа білімдер мен гипотезалар ұсыну және оларды негіздеп дәлелдеу жолымен әрекеттің жаңа тәсілдерін табу қабілеті қалыптасады

Проблемалық оқыту оқушының білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылыққа құрылып, ол мәселелерді шешуге деген проблемалық жағдаят туғызады. Проблемалық жағдаят оқушының ойлау қабілетін жетілдіреді, өздігінен шешім қабылдауға жетелейді, ізденушілік қабілеті дамиды, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға игі әсер етеді. Оқушының алдына проблемалық жағдаят қою арқылы материалды меңгерту – проблемалық оқытудың басты шарты. Проблемалық оқытуды қолдану үшін мұғалім тақырып бойынша оқушының білім деңгейін және олардың шығармашылық қабілетін ескеруі тиіс. Іріктеліп алынған сұрақтар оқушының жауап беруін талап ететіндей, салыстыру мен талдаудан тұратындай болуы қажет. Проблемалық оқыту оқушының ерекшеліктерін ескере отырып, оның алдына шешілуі тиіс мәселелерді қояды.



Проблемалық оқыту технологиясының әдістері: Оқушылардың білімді меңгерудің ғылыми дәрежесін арттыру екі әдіс арқылы қамтамасыз етіледі:

Бірінші әдіс – мұғалімнің түсіндіруін күшейту. Яғни, оқыту жағдайындағы оқыту материалын сипаттай түсіндіруден проблемалық оқыту жағдайындағы дәлелді түсіндіруге көшу.

Екінші әдіс - сабақ беру мен оқудың жаңа қатынасын белгілеу, атап айтқанда, мұғалімнің түсіндірушілік міндетін орынды түрде шектеп, оқу проблемаларын шешу жолымен оқушылардың ұғымдарды өздігінен ашу және түсіндіру жөніндегі іс-әрекетін кеңейту. Бұл процессті сапалы және берік есте қалдыру үшін оқу материалын жеңілдету жолымен емес, қайта оқу процесін біртіндеп күрделендіру арқылы интеллектуалдық қиындықтар жүйесін жасау жолымен жүруге тиіс. Бұл дамыта оқытудың басты бағыты және білімді саналы, терең әрі берік меңгерудің шешуші шарты болып табылады.

Проблемалық оқытудың түрлері:

  • Теориялық ізденіс немесе ғылыми-шығармашылық (ғылыми-зерттеу).

Оқушының жаңа теорема, заң, ереже т.б. ойлап шығарудағы ізденісі және өз болжамын жасау, оқу проблемаларының теориялық шешімін табу қарастырылады.

  • Тәжірибелік ізденіс немесе тәжірибелік-шығармашылық. Оқушы

меңгерген теориялық білімін жаңа жағдайда, өмірде қолдана білуі қажет. Проблемалық оқытудың бұл түрінде оқушы оқу проблемаларының тәжірибелік шешімін іздестіреді.

  • Шығармашылық ізденіс. Оқушы үйренген білім қорын одан әрі

дамытып,  шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруі қажет. Шығармашылық жұмыстарға көркем зерттеу жұмыстары, ғылыми жобалар, шығарма жазу, әңгіме құрастыру, сурет салу, ән шығару, жоба құрастыру, слайд жасау, т.б. жатады.

Проблемалық оқытудың кезеңдері:

Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет.Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.



Екінші кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да, ізденіс жолына белсенділікпен түседі.

Үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. «Мен білдім!» деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.

Проблемалық оқытудың шартты деңгейлері:

1-деңгей мұғалімнің айтқан материалын тыңдап, берілген тапсырмаларды орындауды қамтиды.

2-деңгейде алған білімін жаңа жағдайда мұғалімінің көмегімен, жартылай өзі орындауы арқылы іске асырады.

3-деңгейде оқулық бойынша берілген тапсырманы өздігінен іздене отырып, орындайды.

4- деңгейде шығармашылық тапсырмалар орындай отырып, өзі талдау жасайды.


Сергіту сәті. Жұмбақ жасыру. «Джон мен Билл»

Джон мен Билл бір бөлмеде болған-ды. Кенет есік ашылды да, сынған әйнектің сыңғыры естілді. Джон Биллге қарап еді, Билл өліп жатыр екен.

Сұрақ: Билл неліктен мерт болды?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет