ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы
А деңгейі. (Білу және Түсіну)
«Дұрысын тап». Оқушылар тестілік бағдарламадан жаңа тақырыпқа байланысты тест жұмысын орындайды.
1. Компьютерге арналған барлық программалардың жиынтығын ________________________ деп атаймыз.
а) Программалық жүйелік жасақтама
ә) Жүйелік программалық жабдықтама
б) Қолданбалы программалар
в) Программалық жабдық
2. ________________________ көмегімен адам және компьютер арасында байланыс орнатылады.
а) Программалық жүйелік жасақтама
ә) Жүйелік программалық жабдықтама
б) Қолданбалы программалар
в) Программалық жабдық
3. ________________________ - бұл белгілі бір проблемалық сала шеңберіндегі қандай да мәселенің шешуіне ықпал тигізетін кез келген түрдегі нақты программа.
а) Программалық жүйелік жасақтама
ә) Жүйелік программалық жабдықтама
б) Қолданбалы программалар
в) Программалық жабдық
4. ________________________ - дербес компьютерлерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыруға арналған программалық жасақтама.
а) Программалық жүйелік жасақтама
ә) Жүйелік программалық жабдықтама
б) Қолданбалы программалар
в) Программалық жабдық
Дескриптор
Әр дұрыс жауапқа – 1 ұпай
В деңгейі
Компьютер бөлмесінде орналасқан компьютерлерге орнатылған программалардың ішінен 3 программаны анықтап, оның программалық жабдықтың қайсы түріне жататынын анықтаңдар.
Дескриптор
- программа атын анықтаса – 1 ұпай
- программа жабдық түрін анықтаса – 1 ұпай
С деңгейі
MS Word және MS Excel программасының айырмашылықтары мен ұқсастығын анықта.
Дескриптор
Айырмашылығын тапса –1 ұпай
Ұқсастығын тапса – 1 ұпай
|