Рационал өрнектерге амалдарды аралас қолдана білу қабілеттері қалыптасады;
Өрнектерді ықшамдай білу бейімділігі қалыптасады.
Математикалық тілдерін дамыту міндеттері
Осы тақырып бойынша терминологияларды (рационал өрнектер, рационал өрнектерді көбейту, бөлшекті бөлшекке бөлу, бөлшекті дәрежеге шығару, көпмүше) жақсы меңгереді, терминдердің этимологиясын біледі.
Оқытуда қолданылатын әдіс -тәсілдер
Салыстыру-талдау, өз бетінше жұмыс істеу , диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, деңгейлік тапсырмаларды орындау, оқыту үшін бағалау.
Ресурстар (дереккөздер)
1.Шыныбеков Ә.Н. Алгебра-7 сынып (Атамұра)
2.Шыныбеков Ә.Н. Алгебра-7, Дидактикалық материалдар (Атамұра)
3.Шыныбеков Ә.Н. Алгебра-7, Оқыту әдістемесі (Атамұра)
Сабақтың типі
Жаңа сабақ
Сабақтың түрі
Дамыта,саралап, деңгейлеп оқыту
Сабақтың эпиграфы
Адамның басшысы- ақыл, шолушысы-ой, жетекшісі-талап, қорғаушысы –сабыр, сынаушысы-халық, таусылмайтыны-арман, ең қымбаттысы-ар сақтау, бәрінен ардақтысы-өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі-сыйластық.
Төле би
Оқытудағы әдістемелік нұсқау
Рационал өрнектерге қосу, азайту, көбейту және бөлу амалдарын қолдану арқылы өткен тақырыптарды (қысқаша көбейту формуласын) қайталап, оларды іс жүзінде қолдана білу бейімділігін қалыптастыру қажет. Оқушыларға есептерді шығарту барысында тиісті ережелерді еске салып, қайталап отыру қажет.
Күрделі өрнектерді ықшамдау барысында онда кездесетін амалдарды орындау ретін белгілеп алған тиімді. Алғашында оқушылар біліктілік дәрежелерді өсіп, бейімділіктері қалыптасқанша, күрделі өрнектерді белгіленген ретпен, жолдарға бөліп орындаған орынды.