Радиоактивтілік. Радиоактивті сәулеленудің табиғаты
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
9.6.2.1 α, β және γ – сәулеленудің табиғаты мен қасиеттерін түсіндіру;
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
Радиоактивті сәулелердің пайда болу табиғаты жайлы мағлұмат алу.Ядролардың ыдырау заңдылығын түсіну,ядро ыдырау барысындағы сақталу заңдылығын білу,формуланы біле отырып,есептеулер жүргізуді үйрену.
Оқушылардың басым бөлігі:
Радиоактивті сәулелердің пайда болуы туралы мағлұмат алады.Ядролардың ыдырау заңдылығын түсініп,ыдыраудың сақталу заңдылығын біледі.Формулаға сүйене отырып,есептер шығарады.Реакция жазуды үйренеді.Топта өзара бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді..
Кейбір оқушылар:
Радиоактивті сәуле шығарудың табиғаты туралы ядролар ыдырағанда сақталатын заідылықтар туралы түсінік беру,өткен материалды дұрыс және еркін меңгере білуін, атом энергиясының қазіргі қоғам өміріндегі және адамзатқа тигізетін пайдасы мен зияны туралы мәліметберу.