Байланысты: Поурочный Растрлік (BMP, JPEG,GIF) векторлық (AI, CDR) форматтарды қолдану
Мөлдір графика Әрбір сурет веб – беттерде тік бұрышты формаға ие. Ол негізінен қолайлы болып табылады, себебі картинкалардың, диаграммалардың, тьетіктердің көпшілігі – тік бұрыштар болып келеді. бірақ дөңгелектер, логотиптер, карталар және басқа бейнелер дұрыс емес формаға иелері де сол түк бұрышты формаға келтірілуі тиіс. Осының нәтижесінде бейнелер тікбұрыштарды толықтыру үшін арналған өзінің меншікті қабырғалық түсіне ие болады. Егер құрылған сурет және веб – беттер бірдей түске ие болатын болса, онда ешқандай проблема туындамайды. Егер олардың қабырғалық түстері бір бірінен ерекшеленетін болса, онда тік бұрышты пішіндегі сурет көрінетін болып және беттің айқындылығы немесе көрнекілігі төмендейді. Өкінішке орай, бұл жағдайды HTML тілінің құралдарымен өзгертуге біз дәрменсізбіз. Бірақ оны суреттерді құру кезінде реттеуге болады. Суреттің қабырға түсін алып тастап және оны мөлдір ету қажет. Ол үшін файлды құру кезіндегі қабырға түспен үйлесетіндей ету қажет. Одан ары файлды GIF89A нұсқада және GIF форматта сақтаймыз.
Бағдарлама Photoshop және көптеген белгілі суреттер құруға арналған бағдарламалар суреттерді құру үшін сәйкес форматқа экспорттай алады. Суретті GIF-файл ретінде мөлдір қабырғалық түспен сақтағаннан кейін барлық дерлік браузерлер сол эффекті тарта алады және суретті экранға дұрыс шығара алады.
Тапсырма 2.2.5. Тікбұрышты емес формада суреттер логотипін мөлдір қабырғалық суретте құрыңыз және оны авторлық бетке орналастырыңыз. файлды Photoshop бағдарламасынгда құру кезінде оның қаьырғалық түсін мөлдір ретінде анықтаңыз: File>New>Transparent. Қажетті суретті салыңыз. Файлды сақтау кезінде негізінен File>Export as>GIF89A командасын пайдаланыңыз, ол мөлдір қабырғалық түске ие суретті салу үшін жасалады. Ол үшін GIF89A экспортының арнайы сүзгісін пайдалану қажет болуы мүмкін, ол үшін арнайы құрал пайдаланылады. Осы сүзгіні Adobe (http://www.adobe.com) компаниясының сайтынан жүктеп алуға болады. Жұмысты орындаудың екінші нұсқасы. Суретті Indexed Color режиміне өткізіп және мөлдірлікті сақтауды нұсқаңыз және файлды GIF-форматында сақтаңыз.
Үшінші нұсқа: Графикалық редакторлардың заманға сай версияларында негізінен көпшілік жағдайда суреттерді тікелей веб үшін сақтауға мүмкіндік бар (Save for Web …). Мұнда негізінен әртүрлі форматтарды таңдау мүмкіндігіне ие, сонымен қатар түс тереңдігі және мөлдірлігін және т.б. параметрлерін таңдау мүмкіндігіне ие терезе ашылады. Мұнда сонымен қатар мөлдір қабырғалық түске ие суреттерді салу үшін қажетті негізгі принциптер де көрсетіледі. Бөлшектер бағдарлама версиясына байланысты және оның локальдылығына байланысты ерекшеленуі мүмкін.