Разрядтан екі рет аттап өту арқылы жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
3.1.2.1 мынадай жағдайларда: 28∙3, 269∙2, 84:3, 538:2 екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: мынадай жағдайларда: 28∙3, 84:3 екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: мынадай жағдайларда: 28∙3, 269∙2, 84:3, 538:2 екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолданады
Кейбір оқушылар: мынадай жағдайларда: 28∙3, 269∙2, 84:3, 538:2 екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін талдайды
Бағалау критерийі
- разрядтан екі рет аттап өту арқылы жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолданады.
- есепті жазбаша бөлу алгоритмдерін қолданып шығарады
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі /уақыты
Педагогтің
әрекеті
Оқушының
әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады.
Өткенді еске түсіру
«Сиқырлы дөңгелек» әдісі
– Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
– 3 санының квадратын ата
– 8*7
– Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
- 2 санының кубы
- 5*6
Психологиялық ахуал қалыптастыру
«Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы. Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы
Қызығушылығын ояту
Ұжымдық жұмыс Қазақстанның көрнекті суретшілері салған картиналар алыс шетелдерде де танымал. Ғаламтордан олардың қандай картиналар салғанын тауып оқы.
Оқушының ықтимал жауабы:
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады.
Сұрақтарға жауап береді
Өрнектердің мәнін табады.
«Мадақтау» әдісі
«Бас бармақ» әдісі
ҚБ: 1 балл
https://wordwall.net/ru/resource/28860531/
Оқулық
№1,86 бет
Сабақты ортасы
Каллиграфиялық минут 3 33 333 3333
2 22 222 2222
1-тапсырма Өрнектерді баған түрінде жаз және есепте
Оқушының ықтимал жауабы:
Дескриптор:
- бірінші өрнекті баған түрінде есептейді
- екінші өрнекті баған түрінде есептейді (1балл)
- үшінші өрнекті баған түрінде есептейді
- төртінші өрнекті баған түрінде есептейді (1балл)
- бесінші өрнекті баған түрінде есептейді
- алтыншы өрнекті баған түрінде есептейді (1балл)
- жетінші өрнекті баған түрінде есептейді
- сегізінші өрнекті баған түрінде есептейді (1балл)
2-тапсырма Өрнектерді баған түрінде жазып, амалдар бойынша есепте.
Оқушының ықтимал жауабы:
Дескриптор:
- бірінші өрнекті дұрыс есептейді
- екінші өрнекті дұрыс есептейді
- үшінші өрнекті дұрыс есептейді
- төртінші өрнекті дұрыс есептейді
(барлығы 2 балл)