Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты



бет35/43
Дата13.06.2023
өлшемі140,3 Kb.
#101084
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43
Байланысты:
Сабақ жоспары астана колледж

Әлеуметтік прогресс – қоғамдық өмірдің күрделенуі, өндірістің, мәдениеттің, әлеуметтік еркіндік, теңдік, әділеттіліктің өркениетті бағытпен дамуы.
Әлеуметтік роль – белгілі бір әлеуметтік бағытты ұстанған жеке адам ғадетінің, мінез-құлқының, тәртібінің жүйелі ресми үлгісі.
Әлеуметтік статус — әлеуметтік топтар мен оның өкілдерінің қоғамдағы, әлеуметтік байланыстар мен қатынастар жүйесіндегі орнын көрсетеді. Әлеуметтік статус бедел,билік сияқты ұғымдар арқылы анықталады.
Әлеуметтік ымыра – (социальный компромисс) өзара әсер етуші әлеуметтік топтардың өзара келісі арқылы әлеуметтік қарама-қайшылықтарды, келіспеушіліктерді, дауларды шешу.
Әлеуметтік эксперимент — әлеуметтік объектіге арнайы енгізілген басқарушы және бақылаушы факторлар әсер еткенде туындайтын сандық және сапалық өзгерістер жөнінде мәлімет алу әдісі.
Бақылау — әлеуметтік деректер жинаудың негізгі әдістерінің бірі. Бақылаудың көмегімен әлеуметтік құбылыстарға, процестерге жүйелі түрде үздіксіз зерттеу жүргізу өте тиімді.
Бейсаналық – субъектінің санасына бағынбайтын психикалық процестердің жиынтығы. З.Фрейдтің пікірінше бейсаналыққа адам санасынан шығарылып тасталған құмарлықтар жатады.
Билингвизм – қостілділік.
Билік – қоғамдық қатынастардың бір түрі, адамның сондай-ақ әлеуметтік топтың, әр түрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін экономика мен идеология ықпалының негізінде және қйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге асатын механизм.
Бихевиоризм және необихевиоризм – сананың дербестігін мойындамайтын, психиканы адамның өзіне қажет нәрселерге жету мақсатында жүзеге асыратын іс-әрекеттерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы деп көрсететін ғылыми бағыт.
Бюрократия – қатаң да дәл ережелер мен үлгілер арқылы реттелетін қызметтер мен биліктің бөлінісіне негізделген қызметтер мен рольдердің иерархиясынан тұратын әлеуметтік құрылым.
Валидтілік – зерттеудің құралдары мен әдістерінің, ұғымдардың және эксперименттердің мақсатының негізділіг мен барабарлығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет