Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты



бет5/43
Дата13.06.2023
өлшемі140,3 Kb.
#101084
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Сабақ жоспары астана колледж

Берілетін уақыт (мин)

I.Ұйымдастыру кезеңі

5 минут

Сәлемдесу




Сабаққа даярлықты тексеру




Білімгерлердің зейінін сабаққа аудару




II.Өткен сабақты қайталау(білімді тексерудің әдістері мен түрлері)

20 минут

Билік әлеуметтік құбылыс ретінде «Билік» ұғымының анықтамасы.




Биліктің табиғатын түсіндіруші ғылыми тұжырымдамалар




III.Жаңа сабақты баяндау (сабақ жүргізу түрі)

35 минут

Сабақтың жоспары:
1. Қазақ жеріндегі ойшылдар
2. Қазіргі кездегі саяси ілім
Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой пікірлерге бай. Қазақтың алғашқы философы, математигі, физигі, музыка зерттеушісі Әбу Наср Мұхаммад Ибн Тархан әл- Фараби
870-950 жылдары өмір сүрген. Ол екінші Аристотель атанған. Барлығы 160- тан астам трактат жазған. «Бақытқа жету жолдары», «Саясат туралы», «Азаматтық саясат» деген еңбектері бар. Әл-Фараби басқару түрін екіге бөлген:
1. Қайырлы –халықты бақытқа апарады.
2. Қайырымсыз- мұнда теріс әрекеттер болады.
Әл –Фарабидің айтуынша адам бақытты болуға лайықты, сондықтан ол бақытын табуға тиіс. Оған ол тынымсыз еңбек арқылы ғана жетуге болады дейді.
Қазақ даласындағы ойшылдардың бірі Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни. Ол ақын, философ, қоғам қайраткері болған. «Құтадғу біліг» деген дастаны бар. Ол түрік тілінде жазылған. Мұнда адмның тағдыры, қоғамдағы орны мен ролі, халықтың санасы, әдет-ғұрпы берілген. Өмірден әділ заңды, еркіндікті аңсаған.
Қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Олар- Қасым, Есім, Тәуке хандар. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған.
Ал Тәуке хан «Жеті жарғы» деп аталған қазақ әдет-ғұрып заңдарының жиынтығын жасады. Мұнда құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымының негізгі принциптері айқындалды. Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды.
Қазақтың белгілі ойшылы Шоқан Уәлиханов ғалым, ағартушы- демократ, саясатшы, этнограф. Халықты патша шенеуніктері мен жергілікті байлардың зорлық –зомбылықтарынан қорғауды, қолынан келгенше оның рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасауды өзінің мақсат мүддесі деп білді. Шоқанның ойынша халықты қанаудан құтқару үшін билікті жою керек, сонда ғана халық бақытты болады. Қазақ еліндегі тәртпті өзгертудің жолдарын іздеді.
Саясатқа атсалысқан тұңғыш ұстаз- Ыбырай Алтынарин халықты дүниеге «дұрыс көзқараспен» қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойған.
Тек білім, ағартушылық қана бқұара халықты билеп төстеушілердің қысым- қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш –жігерін олардың білімін көтеруге арналған. 1887 жылы Ырғызда 20 адамдық интернат және қазақ қыздарына арнайы мектеп ашқан.
Қазақ даласының ғұлама ойшылы Абай Құнанбаев қазақ халқының мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік керектігіне назар аударды.Ол адамның «ақыл,ғылым,қайрат» арқылы жоғары дәрежеге көтеріліп, асқақтайтындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады.
Қазақ жерінде саяси сананың дамуына ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған алғашқы зиялылар қауымы да ықпал етті. Оларға: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Б.Қаратаев, Халел және ЖаҺанша Досмұхамедовтерді жатқызуға болады.
ХХ ғасырдың басында Батыс елдерінде солидаризм ілімі кең өріс алды. Оның негізін салушы – француз ғалымы Л.Дюги. Бұл ілім бойынша, әрбір тап өмірде өз міндетін атқарып, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз етуі керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет