-Балалар экранға назар аударайықшы.Мына берілген көбейту кестесін орындау арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын айқындап алуымызға болады екен.
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Сан есім.Сан есіммен біз өткен сыныптардан бері таныспыз.Олай болса өткен сабақта өткен сын есім мен сан есімді Венн диаграммасы арқылы салыстырып көрейікші
Енді біз 3 сыныпта өткен Сан есімнің түрлерін еске түсірейікші
-Олай болса бүгінгі күннің ретін жазып ,жаттығу жұмыстарын орындайық.
1 – жаттығу.Жұмбақты оқып,шешуін тап.Сан есімдерді теріп жазып,түрлерін анықтайық Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,
Теңселіп тербеледі адам соқса
Шешен тіл , сөзге жүйрік болғанымен,
Не пайда , үндемейді адам жоқта. (Домбыра) -Балалар Домбыра-Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Ән, жыр айтуға арналған домбыраның пернелері 8 – 9, әрі кеткенде 14 – 15-ке жетсе, күй домбырасына 20-дан астам перне тағылады. Олардың құлақ бұрауы да қажетіне қарай (кварта, квинта) өзгертіледі. Домбыра, негізінен, екі ішекті және кейде үш ішекті болып келеді. Қазіргі кезде домбыраның 20-дан астам түрлері бар. Олардың ішінде ән мен күй домбырасы,Торсық,тұмар,кең шанақты (екі нұсқасы),балдырған,балашық,шіңкілдек,аша,үш ішекті,
қуыс мойын,шертер,оркестр домбыралары т.б
2 – жаттығу. Мақалды жатқа жаз (Домино ойыны арқылы мақалды жатқа құрастырып дәптерге жазу.Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанынсызбамен көрсет). Бір кісі қазған құдықтан Мың кісі су ішеді. -Балалар осы мақалды құрастыру барысында мен сол мақалдың ішінен бір сөзді алып қалдым.Енді сол қандай сөз екенін тауып,сол сөзді 3 тілде аударуымыз қажет Бір-один-one Мың-тысяча-Thousand Су-вода-water
3 – жаттығу. Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем құра. Құраған сөйлемдеріңде олардың қандай мүшеболып тұрғанын айт.