Сабақтың тақырыбы: «Сауда жасай білесің бе?Базарға қарап тұрсам әркім барар»



бет3/4
Дата15.11.2022
өлшемі0,75 Mb.
#50455
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Базарға қарап тұрсам әркім барар 8 сынып сабақ жоспары

Барлық оқушылар орындайды

Абай Құнанбайұлының портретіне қарап, ақын туралы не білуін анықтайды. Қосымша мұғалім сұрақтармен жетелейді( Абай Құнанбайұлы туралы не білесіңдер? Абай атамыздың қандай өлеңдерін білеміз? )
- Балалар қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
- Балалар бүгін біз сабақта Абайдың «Базарға қарап тұрсам әркім барар» өлеңімен танысамыз және «Сауда жасай білесің бе?» деген сұраққа жауап береміз, диалог, эссе жазамыз.
Сабақ тақырыбы анықталды.
Мақсаты хабарланды.


Сыныппен оқушылар орындайды Оқушылар суреттерге қарап, «Базарға қарап тұрсам әркім барар» -өлеңін тыңдайды, көркемдегіш құралдарды жазып отырады
сұрақтарға жауап береді.



Базарға, қарап тұрсам, әркім барар
Іздегені не болса, сол табылар.
Біреу астық алады, біреу маржан,
Әркімге бірдей нәрсе бермес базар.

Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар,


Сомалап ақшасына сонан алар.
Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар,
Бағасын пайым қылмай аң – таң қалар.
Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?
Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар.
Жазған соң, жерде қалмас тесік моншақ,
Біреуден біреу алып, елге тарар.
Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой,
Шамданбай – ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.
«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар,
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.



  • Өлең не туралы?

  • Қалай ойлайсыңдар Абай заманындағы базар қазіргі замандағы базарға ұқсайма?

  • Өлеңде Абай замандағы базарда нелер сатылады екен?

(өлең мазмұны балаларға таратып беріледі)


2- тапсырма (барлық оқушылар орындайды)
«Базарға қарап тұрсам әркім барар» өлеңі бойынша, көркемдегіш құралдарын табады, мағынасын жазады, түсінік береді. Сауда жақсы жүру үшін нені ескеру керек?...(сұраққа жауап беру үшін, суреттерді сөйлемдермен сәйкестендір)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет