3-тапсырма. Жеке жұмыс.
Экранда көрсетілген суреттер атауын тауып «Т» кестесі арқылы көнерген сөздердің түріне бөліп жазады.
Архаизмдер
|
Тарихи сөздер
|
Камзол, сәукеле, торсық, ішік, шапан
|
Қылыш, қалқан, шоқпар, хан
|
Дескриптор:
-суретте бейнеленген атауды дұрыс табады;
-көнерген сөздерді түріне қарай ажырата алады.
Бағалау түрі: Оқушы өзін-өзі бағалайды. (Экрандағы дұрыс жауабымен салыстырады)
ІІІ. Оқылымнан кейінгі тапсырма
«Сен маған, мен саған» әдісімен сабақты қорытындылау. Әр оқушы өтілген сабақ бойынша бір сұрақтан құрастырып, қағазға жазады. Барлық сұрақтар қоржынға салынып, араластырылады. Әр топтан 2-3 оқушы қоржынға қол салып, ілінген сұраққа жауап береді.
Дескриптор:
-сұраққа нақты жауап береді
Жекелеген оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігін анықтау үшін әр топтағы «билерге» сөз беріледі.
Топтардың белсенділігін «Бағдаршам» әдісімен жинаған түсіна қарай анықтау
Үйге тапсырма: Тайкелтір шешен туралы мәліметтер іздену.
|
«Екі шындық, бір жалған» әдісі
«Пирамидалық талқылау» әдісі
«Жылқы сұлбасы» стратегиясы
«Т» кестесі
«Сен маған, мен саған» әдісі
|