7. Жұмысты қорытындылау: - сабақтың әр кезеңінің соңында қандай қорытынды (мұғалім өзі қорытындылайды) жасауға болатынын ойластыру;
- сабақтың соңында қорытынды жасау және жалпылау, мұғалімнің жетекші сұрақтарына жауап бере отырып, оқушылардың қорытынды жасауы: жаңа не білдік? Есептеудің қандай тәсілімен таныстық? Не үйрендік? Не қайталадық? Не ұнады? Нені естеріңде сақтап қалдыңдар?
8. Сабақтың нәтижесін хабарлау: - қандай оқушылардың жұмыстары бағалануы керектігі алдын-ала ескеріледі;
- мадақтау түрлерін: мақтау, ұялту, жүлде беру және т.б. анықтау.
9. Үй тапсырмасын ойластыру:
- сабақ тақырыбымен қалай байланысты (өтілетін материалдың күрделілігі мен оны игеру деңгейіне байланысты)?
- тапсырма қандай мақсатпен беріледі?
- балаларға қандай нұсқаулар (оны орындауға арналған) беру қажет: нені қайталау керек, кейде оны орындау үлгісін де беруге болады.
Мұғалімнің тәжірибесіне байланысты сабақта жұмыстың жазбаша жоспары жасалады:
а) сабақ жоспары – мұғалімнің сұрақтары және тапсырмаларымен, оқушылардың шамамен беретін жауаптарымен жазылған толық жоспар.
б) ашық жоспар – оқушылардың жауаптарынсыз, әлдеқайда қысқа жоспар.
в) қысқаша жоспар, мұнда мұғалімнің сұрақтары мен оқушылардың