Бөлім:
|
Шамалар арасындағы тәуелділіктер
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Қалиоллина Д.С
|
Күні:
|
|
Сыныбы:6
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Шамалар арасындағы тәуелділіктер. Шамалар арасындағы тәуелділіктердің кестемен берілуі.(есептер шығару)
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
6.5.2.7 сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу;
6.5.2.8 формуламен немесе графикпен берілген тәуелділіктердің кестесін құру;
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар үшін:
Білім алушылар шамалар арасындағы тәуелділіктің берілу тәсілдерін анықтай алады;
Көпшілік оқушылар үшін:
Білім алушылар тәуелді және тәуелсіз айнымалыны ажырата алады;
Кейбір оқушылар үшін:
Білім алушылар сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жаза алады.
|
Құндылықтарға баулу:
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
|