Байлар ұрлық қылады,
Мал түзіне көрінбей,
Билер жейді параны
Сақтап қойған сүріндей.
Заманың сенің құбылды
Текеметтің түріндей.
Сол кездегі қиыншылық кезеңдерді, кіріптарлық пен қорлықта өмір сүрген қазақ елінің ауыр тұрмысын жеткізеді. Адамдар арасында дәурені жүріп, барлығына масаттанған байлардың, кез-келген істе оңай жеңіске жетіп , жоқ жітіктің өкініште қалатынын айтқан.
Ойлағаны жамандық
Жарадан аққан іріңдей.
Жеті жұрт кеткен қожадан
Сен тұрмайсың бүлінбей.
Қазақ арасындағы рулық заңның бұзылуын, ар-ұят, адамгершіліктің азаюы.
Қазақ ұлы жиылып,
Құдайыңа сыйынып,
Қондыгерге хат жазып,
Кешіктірмен дат жазып,
Өлместің де қамын қыл
Басың сотқа ілінбей.
Ел бірлігінің ыдырауын, ағайын арасындағы алауыздықтың өрши түскенін, халық арасындағы ынтымақ пен бірліктің әлсіргенін сөз етеді.
ҚБ «Мадақтау сөздері»
https://youtu.be/h7Hds1i2JWg Графиктік кесте
3-тапсырма. «Сөзден – сөйлем, сөйлемнен - мәтін» әдісі арқылы тапсырманы орындау. Өлең жолдарынан берілген көркемдегіш құралдарды табуып, қолдану ерекшелігін жазыңыз.