Сабақтың тақырыбы Үшбұрыштың тамаша нүктелері



Дата28.04.2022
өлшемі26,8 Kb.
#32624
түріСабақ
Байланысты:
Геометрия 8 сын үшб тамаша нукте


Геометрия


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.1.А

Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу

Мектеп:Т.Қазақбаев атындығы жом

Күні:

Пән мұғалімі: Қырғызбаева Айдана

Сынып: 8 А

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Үшбұрыштың тамаша нүктелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.1Үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медианалар, биссектрисалар, биіктіктер және орта перпендикулярлар қасиеттерін білу және қолдану

Сабақтың мақсаты

Үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медианалар, биссектрисалар, биіктіктер және орта перпендикулярлар қасиеттерін біледі және қолданады.

Үшбұрыштың қасиеттерін пайдаланып белгісіз бұрыштың градустық мөлшерін, үшбұрыш түрін таба алады

Бағалау критерийі

Үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медианалар, биссектрисалар, биіктіктер және орта перпендикулярлар қасиеттерін біледі және қолданып есептер шығарады

Тілдік мақсаттар


-медиана

-биссектриса

-биіктік

-орта перпендикуляр

- Үшбұрыштың биіктіктері…

- Үшбұрыштың орта перпендикулярлары…

-Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңбер.

Құндылықтарға балу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығына байланысты тарихи тұлғалардың жарлықтарына,ұлы ғұламалардың өлеңіне құрмет.

Пәнаралық байланыс

Физика: Ауырлық центрі(үшбұрыштың медианаларының қиылысу нүктесі). Қолданыс техникада.

Тарих: Тәуке ханның «Жеті жарғысы» Үшбұрыштың 7 тамаша нүктесі


Алдыңғы білім


Медианалар, биссектрисалар және биіктіктер анықтамасы


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы
8 мин

Сабақ басында «Сиқырлы таяқ» тәсілі (Егерде мен сиқыршы болсам, бүгін сабақта мен...) арқылы оқушылардың назарын сабаққа шоғырландырамын

Топқа бөлу үшін «Бұрыштар» әдісін қолданамын. Бұл әдісте мен оқушыларға геометриялық суреттер ұсынамын.Ол суреттерде үшбұрышқа медиана, үшбұрышқа биссектриса, үшбұрышқа биіктік, үшбұрышқа орта перпендикуляр сызылған.Оқушылар ережелерді еске түсіріп дұрыс жауаптың қасына барып тұрады және сызбаға сай топтасады.

Ауызша мақтау, мадақтау арқылы кері байланыс беремін

Ширату жаттығуын өткізу үшін «Суреттер:Не болды?» әдісін қолданып,оқушыларға өз топ атауына байланысты үшбұрыштың әр төбесінен кесінділер жүргізуін сұранамын.

Сыныпқа сұрақ:

1Қандай сызық сыздың?

2.Не байқадың?

3.Ұқсастығы неде?

4.Айырмашылығы неде?

Кері байланыс: Смайлик

Үлестірме материалдар


https:geogebra.ru.uptodown.com/windows/download.


Слайд 1


Сабақтың ортасы

10 мин


1 мин

2 мин


5 мин

2 мин
5 мин



«Айналмалы бекет» тәсілін қолданып қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындатам

І-топ

АВС үшбұрышында,О нүктесінде қиылысатын,АК және ВТ медианалары жүргізілген.ВО, ОТ, АО, КО кесінділерінің ұзындықтарын анықтаңыз,егер ВТ=18 см, ал АК=24 см болса.

Критерий:үшбұрыш медианасының қасиеттерін біледі.

Дескриптор:

-Сызбасын салады;

-үшбұрыш медианасының қасиеттерін қолданады;

-есептеулер жүргізеді;

-ізделінді кесінділердің ұзындықтарын табады.

ІІ-топ

Доғал бұрышты АВС үшбұрышының АА1 және ВВ1 биіктіктері О нүктесінде қиылысады.ВАО және ВСО бұрыштары тең болатынын дәлелдеңіз.

Критерий:үшбұрыш биіктігінің қасиетін біледі.

Дескриптор:

-сызбасын салады;

-үшбұрыш биіктігінің қасиетін қолданады;

-үшбұрыш бұрыштарының қосындысы теоремасын қолданады;

-бұрыштардың теңдігін дәлелдейді.


ІІІ-топ

АВС үшбұрышында А бұрышы 600 тең, ал В бұрышы 840 тең.Үшбұрыштың АД, ВЕ, СҒ биссектрисалары О нүктесінде қиылысады. АОҒ бұрышын табыңыз.

Критерий: үшбұрыш биссектрисаларының қасиетін біледі.

Дескритор:

-үшбұрыш биссетрисаларының қасиетін қолданады.

-үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы теоремасын қолданады;

-аралық есептеулер жүргізеді;

-бұрышты анықтайды.

ІV-топ

АВС үшбұрышының орта перпендикулярлары О нүктесінде қиылысады. ВО кесіндісінің ұзындығы 30 см. АО және СО кесінділерінің ұзындықтарын табыңыз.

Критерий:үшбұрыштың орта перпендикулярлары қасиетін біледі.

Дескриптор:

-үшбұрыш орта перпендикулярларының қасиетін қолданады;

-ізделінді кесінділердің ұзындықтарын табады.

«Бағдаршам» әдісі бойынша топтар бір-бірін бағалайды


Сергіту сәті: үшбұрыштың 7 тамаша нүктелеріне байланысты Тауке ханның «Жеті жарғысы», киелі 7 саны туралы түсінік береді.


«Сәлемдеме жіберіңіз» тәсілін қолдану арқылы деңгейлік тапсырма беремін.Конвертте 5 есеп берілген, оқушы шығару жолын білетін бір есепті таңдап алады, қалған есептерді топ мүшелері бөліп алады, Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба...» өлеңін пайдаланып дұрыс жауаптар жазылған парақшалардан «Түймедақ» гүлін құрастырып өлең шумақтарын еске түсіреді.

1.Үшбұрыштың биіктіктері қиылысқанда құрылған бұрыштар 450, 60,0 750-қа тең.Үшбұрыштың бұрыштарын табыңдар.

2. Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің центрлері және үшбұрыштың төбелерінің бірі бір түзудің бойында жататын үшбұрыштың түрін анықтаңдар.


3.АВС үшбұрышының В және С төбелерінен жүргізілген биссектрисаларының арасындағы бұрышы 500. Үшбұрыштың А бұрышын табыңыз.


4.АВС үшбұрышына сырттай сызылған шеңбердің центрін салыңыздар.

5.Бексұлтан АВС үшбұрышын салып оның медианаларының қиылысу нүктесін О деп белгіледі.Содан кейін ол А, В, О нүктелерінен басқасын өшірді, де Салтанатқа сол үшбұрышты қайта қалпына келтіруді ұсынды.Ол тапсырманы ойдағыдай орындады.Оны қалай істеді?

Критерий: Үшбұрыштың қасиеттерін қолданып есептер шығарады

Дескриптор:

-Сызбаны сызады;

-үшбұрыш қасиеттерін қолданады;

-есептеу жүргізеді;

-ізделінді шамаларыды табады.


«Басбармақ» әдісін қолданып топтық және топ ішінде бағалауды жүргіздіремін


Практикалық тапсырма: «Өз қолыңмен жасап көр.»

Үшбұрыш медианалары қиылысқанда 2:1 қатынасына бөлінетінін практикада жүзінде дәлелдеу. 4 топқа 4 түрлі материал таратып картон, пенопласт, фанера, пластик материалдарынан ауырлық центрін практика жүзінде көрсеттіремін.

Ауырлық центрін өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіруін сұранамын.

«Қолмен белгі беру» әдісі

«Тізбектен не түсіп қалды?» тәсілін сабақты қорытындылау үшін аламын.Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтілетіндігін түсінгендеріне көз жеткіземін.

Медиана – ауырлық центрі, Биссектриса- ?Биіктік-? Орта перпендикуляр-?

Жұптық бағалау: «+», «-» (ия, жоқ)

Слайд 2

Үлестірме материалдар

Слайд 3

Сызба қағаз

«Түймедақ» гүлі

№1,3 дидактикалық материал

Картон, пенопласт, пластик, фанера.

Таратпа қағаз



Сабақтың соңы

5 мин


Үйге тапсырма:№1, №2

Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс

«Рефлексия пирамидасы» әдісі бойынша

- сен үйренген төрт нәрсе;

- сен бұрыннан білетін үш нәрсе;

- сен көбірек білгің келген екі нәрсе;

-есте сақтау керек бір нәрсе.





Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




«Суреттер.Не болды?» тәсілін пайдалану кезінде үлгерімі төмен оқушылар алдыңғы білімін пайдалану арқылы сызбаны сызады, «Айналмалы бекет» тәсілін қолдануда топтық жұмысты орындау барысында оқушылардың жеке қабілеттерінің алға өрлеуіне, өз бетінше ізденуіне бағыт бағдар беремін. «Сәлемдеме жіберіңіз» тәсілінде қабілеті жоғары оқушылар күделі есептерді шығарады,осы орада олар басқа оқушыларға үлгі болуына жағдай жасаймын.Практикалық тапсырма арқылы алған білімін өмірде қолдануға жетелеймін.

Оқушылар жеке,жұптық,топтық жұмысты орындау барысында Бағдаршам, Смайлик, Басбармақ, ауызша бағалау және критерийлер бойынша критериалды бағаланып отырады


Сабақта денсаулық ережесін, сызғыш, циркуль, транспортирмен жұмыс жасағанда қауіпсіздік техникасын сақтау керектігін айтамын .



Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет