Сабақтың тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға»


Жоспар Жоспарланған



бет2/4
Дата25.11.2023
өлшемі92 Kb.
#126459
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Ш. Құдайбердіұлы 12.11.2018

Жоспар

Жоспарланған
уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың
басы
5 мин


Қызығушылықты ояту

Амандасу. «Ыстық алақан» әдісі арқылы шаттық шеңберіне тұрып, жақсы көңіл-күй сыйлау. Ынтымақтастық орта құру. «Кеше», «Бүгін», «Ертең» делініп үш топқа бөлінеді.
Мұғалімнің сөзі: Жапон ғалымы зерттеу барысында өзі үшін қызықты жаңалық ашқан екен. 1миллионнан астам қар қиыршықтарын салыстыра келе,олардың бір-біріне ұқсамайтынын байқаған. Аз болса да, бір-бірінен ерекшеленіп тұрады екен. Сол сияқты өздеріңіздің де бүгінгі сабағымызда бір- біріңізге ұқсамайтын даралықтарыңыз бен ерекшеліктеріңізді көрсетеді деп сенемін.
С. Өткен білімді тексеру.
bilimland.kz сайтындағы сұрақтарға жауап береді.
Сайттағы Ш.Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңін тыңдайды? «Көршіме айтамын» әдісі. Сұрақтарға жауап береді.

  • Кешегі жастар қандай?

  • Бүгінгі жастар қандай?

  • Ертеңгі жастар қандай?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңі.
-Ендеше, сабаққа қандай мақсат қоясыңдар?

Қима қағаздар


bilimland.kz сайты

Сабақтың ортасы
30 мин


  1. Тапсырма.

Т. Әр топқа өлең жолдары беріледі. Сол өлең жолдарына «Төрт сөйлем әдісі» арқылы ойын, пікірін жазады.
І топ.
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық.


ІІ топ.
«Көп қуға көзіңізді сүзбе» делік!
«Ұқпас деп бізден үміт үзбе» делік!
«Залымдар заң үйретіп адастырды,
Бізді сал жөнделерлік ізге» делік!


ІІІ топ.
Осыған қазақ бар ма жанасарлық,
Ғылым, өнер, ақылмен санасарлық?
Жұрт алмаса, ақылын біз алалық,
Өзгедей надан емес адасарлық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет