Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов- алғашқы қазақ ғалымы (1-сабақ) 1-слайд



Дата18.05.2023
өлшемі26,8 Kb.
#94191
түріСабақ

Мырзахан Бақтияр


Қазақстан тарихы
7-сынып



Уақыт

Спикер мәтіні

Қолданылған видео, жазба, таныстырылым слайдтары

14 минут

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!







Бөлім: Қазақстанның XIX-XX ғасыр басындағы мәдениеті




00:00-
01:00

Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов- алғашқы қазақ ғалымы
(1-САБАҚ)

1-слайд




Сабақтың мақсаты: Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығын анықтау



2-слайд

00:01-
01:02

Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Шоқанның балалық шағы табиғаты көркем Құсмұрын мен Сырымбетте өтті. Шоқанның ата- бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Әкесі Шыңғыс Омбы әскери училищесін бітірген, Көкшетау сыртқы окургінің аға сұлтаны лауазымды қызметін атқарған. Шоқанның нағашылары да осал емес-Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын.



3-слайд

00:02-
02:03

Шоқан тарихи аңыз әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, ақындардың өлең-жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын.
Шоқан Құсмұрындағы мектепте оқып, ислам діні ілімімен танысты. Араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Ол сурет салуды да ерте меңгерді. Бұл өнерді оған орыс суретшілері, топографтары мен геодезистері үйретті. Ол бала кезінің өзінде “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер Көкше” сияқты басқа да дастандардың бірнеше нұсқасын жазып алды.



4-слайд

00:03-
03:04

1847 жылы Шоқан Омбы кадет корпусына оқуға түсті. Бұл оқу орны Сібірдегі жоғары білікті мұғалімдер жинақталған, таңдаулы оқу орындарының бірі болатын. Шоқан алғашқы жылдан өзінің оқуға қабілеті мен бейімділігін танытты. Ол әскери пәндерді,сондай- ақ шет тілдерін зор ынта қойып, құмарта оқыды. Осында жүріп шығыс тілдері саласындағы білімін елеулі түрде тереңдете түсті. Ол орыс тілін тамаша меңгерді. Қосымша әдебиеттерді көп оқыды. Кадет корпусының басшылары оған болашақтағы зерттеуші-шығыстанушы ретінде қарай бастады. Омбыда Шоқан география, шығыстану, философия, тарих жайындағы басылымдарын бай кітапхана құрап алды. Омбыда болған кезінде орыс зиялыларымен байланыста болу Шоқанға оң әсер етті.



5-слайд

00:04-
04:05

Кадет корпусында Шоқанмен бірге оқыған С. Я. Капустин ол туралы: “Шоқан көрікті, аса сымбатты болды... бет әлпеті оның қайырымдылығы мен бекзаттығын айқын танытып тұратын. Шоқан өз кезеңінің жан-жақты, аса терең білімді адамы болды. Әсіресе оның тарихи білімі зор болды және ғылым мен әдебиет саласында да зор білімділігімен ерекшеленетін. Шоқан өз ойын бейнелеп, тартымды жеткізе білетін асқан шешен болатын”,-деп жазды.

6-слайд

00:05-
05:06

Шоқан кадет корпусында белгілі ғалым, географ және Азияны зерттеуші Г.Н.Потанинмен бірге оқып, достасып кетті. Шоқан кадет корпусын корнет шенімен бітіргеннен кейін Сібір казак әскеріне қызметке жіберіледі. Көп ұзамай Батыс Сібір генерал –губернаторының адъютанты болып тағайындалды. Шоқан А.С.Пушкиннің, М.Лермонтовтің, Н.Гогольдің, Ч. Диккенстің және басқалардың шығармаларын зор сүйіспеншілікпен өызыға оқыды. Өкімет орындарының озбырлығы жайлы достары Ф.М. Достоевскийге, А.Н.Майковқа, К. К. Гутковскийге, В.С.Курочкинге ызалы хаттар жазды.



7-слайд

00:06-
06:08

Шоқан Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге зор үлес қосты. Аса көрнекті қазақ ғалымы өте ауқымды ғылыми-шығармашылық мұра қалдырды. Оның “Абылай”, “Қырғыздар туралы жазбалар”, “Ыстықкөл күнделіктері”, “Үлкен орда қырғыз-қайсақтары туралы”т.б. еңбектері өте құнды саналады. Шоқанның қззақтың, сондай-ақ Орта Азия халықтарының өмірінен салған суреттері сақталған. Ол қазақтың алғашқы кәсіби суретшілерінің бірі.



8-слайд

00:08-
08:09

Шоқан Уалиханов өз ғұмырының ең соңғы күніне дейін өз Отанын жан-тәнімен сүйген нағыз патриот болды. Оның еңбектерін бүкіл дүниежүзі жоғары бағалады.

9-слайд

00:09-
09:11

Қазақ әдебиетінің алыптар шоғырының бастауы Сәбит Мұқанов қазақтың ойшыл ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын ұзақ жылдар бойы зерттеді. “Аққан жұлдыз” 1967-1970 жылдар арасында жазылды. Сәбит Мұқанов өз шығармасында ойын оңдай, сөздерін талдай біліп, “қазақ” деген дана халықтың жарық жұлдызы ағып түскенін аңғартқандай. Шығыстанушы ғалым Н.И. Веселовский: “Шоқан Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды”,-деп жазды.



10-слайд

00:11-
11:13

1- тапсырма
“Тұлғаны таны”
Шоқан Уәлиханов туралы айшықты ойлар айтқан тұлғалар.



11-слайд




Жауабы:
С. Я. Капустин.
С. Мұқанов
Н.И. Веселовский



12-слайд




2-тапсырма.
Шоқан Уәлиханов кім
оның қоғамдағы
орнымен еңбегін анықтаңыз



13-слайд




Жауабы:
Аса көрнекті ғалым
Ағартушы
Зерттеуші-шығыстанушы
Алғашқы кәсіби суретші
Әскери қызметкер
Асқан шешен

14-слайд




3- тапсырма
“Тарихи диктант”
Шоқан Уәлиханов Қазақстан мен ...... халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге зор үлес қосты. Аса көрнекті қазақ ғалымы өте ауқымды ғылыми-шығармашылық мұра қалдырды. Оның ....., ......, ........., ......... т.б. еңбектері өте құнды саналады.



15-слайд




Жауабы:
Шоқан Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге зор үлес қосты. Аса көрнекті қазақ ғалымы өте ауқымды ғылыми-шығармашылық мұра қалдырды. Оның “Абылай”, “Қырғыздар туралы жазбалар”, “Ыстықкөл күнделіктері”, “Үлкен орда қырғыз-қайсақтары туралы”т.б. еңбектері өте құнды саналады.

16-слайд

00:13-
13:14

Сабағымызды қорытындылайтын болсақ, Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығын анықтадыңыз.
Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңыз.

17-слайд


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет