Бағалау критерийі: Мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдерді орналастыру
Дескриптор: Мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдерді дұрыс орналастырады
Өзіңді тексер! 1. Ерте замандағы адамдардың жұлдызды аспанды шоқжұлдыздарға бөлуі.
2. “Жұлдыздар орнынан қозғалмайды ” деген жорамал.
3. “Жұлдызды аспан мәңгілік өзгермейді” деп ойлауы.
4. “Аспан хрусталь сфера, оның сыртында Құдайлар өмір сүреді” деп жорамалдау.
5. Джордано Бруноның “жұлдыздар – Күн сияқты аспан денелері деген” пікірі.
6. Ғалымдардың жұлдыздарды расытханаларда зерттеуі.
Жазылым Берілген етістіктердің түбірін анықтап, болымсыз етістікке айналдыр. Бөлген,қозғалған,ойлаған,жорамалдаған,айтқан,зерттеген, өзгерген, ашқан, анықтаған, жұмыс істеген, дәлелдеген, еңбек еткен. Бағалау критерийі: Етістік түбірін анықтап, болымсыз етістікке айналдыру
Дескриптор: Етістік түбірін анықтап, болымсыз етістікке айналдырады
Өзіңді тексер! Бөлмеген,қозғалмаған,ойламаған,жорамалдамаған,айтпаған, зерттемеген,өзгермеген, ашпаған, анықтамаған, жұмыс істемеген, дәлелдемеген, еңбек етпеген.
Айтылым Сұрақтарға жауап бер 1. Қандай жұлдыздар атауларын білесің? 2. Қазіргі кезде аспанда неше шоқжұлдыз бар? 3. Шоқжұлдыздарды кімдер, қайда зерттейді?
Мәтінді оқып шығу
Етістік түбірін дұрыс анықтап, болымсыз етістіктің қосымшаларын дұрыс қолдануын бақылау