Синустар және косинустар теоремаларын үшбұрыштарды шешуде қолдану
Оқу мақсаты:
9.1.3.10 синустар және косинустар теоремаларын үшбұрыштарды шешуде және қолданбалы есептерді шығаруда қолдану;
Бағалау критерийі:
- косинустар теоремасын біледі және қолданады;
- синустар теоремасын білу және қолданады;
- синустар және косинустар теоремаларын үшбұрыштарды шешуде және қолданбалы есептерді шығаруда қолданады;
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;
Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату
Бірлескен жұмыс (1,2,3 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
Бекітуге арналған тапсырмаларды орындату;
Тапсырмалардың жауаптарын жазу.
Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
Сабақ кезеңі Уақыты
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру
6 минут
Сәлеметсіздерме!
Бүгін, Синус және косинус теоремаларын үшбұрыштарды шешуде қолдану тақырыбын қарастырамыз
1. Ұйымдастыру кезеңі. - Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
- Оқушыларда сабаққа қажетті құралдардың болуын қадағалау.
-Топқа бөлу. QAZmath бағдарламасын пайдалану арқылы сынып 4 топқа бөлінеді.
-Үй жұмысын тақтамен салыстыру Үй тапсырмасын тексеру.Өтілген тақырып тапсырмаларын тексеру
Өткен білімді актуалдау: “Үшбұрыштарды шешу” тақырыбы бойынша теориялық материалдарды қайталау. Анықтамалар мен тұжырымдардың ақиқат/жалғандығын анықтауға арналған тест.(жеке жұмыс) Үшбұрышта 150° бұрышқа қарсы үлкен қабырға жатады.(А)
Қабырғалары 2 см, 7 см, 3 см болатын үшбұрыш бар.(Ж)
Егер теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бір бұрышы 50° болса, онда табанына қарама-қарсы жатқан бұрыш 90° тең.(Ж)
Егер тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышы 600 тең болса, онда оған іргелес жатқан катет гипотенузаның жартысына тең. (А)
Тең қабырғалы үшбұрышта барлық биіктіктері өзара тең. (А)
Кез-келген үшбұрыштың екі қабырғасының ұзындықтарының қосындысы үшінші қабырғасының ұзындығынан кіші. (Ж)
Екі доғал бұрышты үшбұрыш бар. (Ж)
Егер үшбұрыштың екі бұрышының қосындысы 900-тан кіші болса, онда үшбұрыш доғал болады. (А)
Косинустар теоремасы арқылы үшбұрыштың түрін анықтауға болады. (А)
KLN үшбұрышында KL=8,4 cм, LN=13,2 см, KN=7,5 см. L бұрышы ең үлкен. (Ж)
Амандасады, үй тапсырмаларын тексереді.
Қойылған сұрақтарға жауап береді
− ақиқат тұжырымдарды анықтайды.
− жалған тұжырымдарды анықтайды.