Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
7.4.1.8 сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуы олардың коэффициенттеріне тәуелді болатынын негіздеу;
7.4.1.9 графигі берілген функцияның графигіне параллель немесе қиятын сызықтық функцияның формуласын табу.
Сабақтың мақсаты:
у=kx тура пропорционалдық функциясымен, у=kx,у=L функцияларының графиктерін салуды еске түсіру.
Координаталары берілген нүктенің графикке тиісті немесе тиісті емес екенін анықтауды, функцияның графигі бойынша теңдеуін жаза білуге үйрету
Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуын сипаттайды.
Бағалау критерийлері
- Сызықтық функция ұғымына сипаттама береді;
- Сызықтық функцияның берілу тәсілдерін біледі;
- Функция және функцияның графигі ұғымдарын меңгереді.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
Ынтымақтастықты қалыптастыру, оқушылардың сенімділігін арттыру. Шаттық шеңбер "Жақсы тілек- жан жылуы "
Өткен сабақты тексеру
Сұрақтарға жауап беру
Өткен сабақтар бойынша сұрақ-жауап жүргіземіз.
1.Сызықтық функцияның графигін сипатта.
2.Сызықтық функцияның берілу тәсілдерін ата.
. 1)Қандай функция сызықтық функция деп аталады? y=_ах+bформуласымен беруге болатын функцияны сызықтықфункция деп атайды.
2) Сызықтық функцияларға мысалдар келтіріңдер.
3) Сызықтық функцияның графигі қандай сызық болады? Сызықтық функцияның графигі түзу болады.
4) Сызықтық функцияның графигін салу үшін қанша нүкте жеткілікті? Сызықтық функция графигін салу үшін екі нүкте жеткілікті.
5) Қаңдай жағдайда сызықтық функцияның графигін салу үшін бір ғана нүктені белгілеу жеткілікті? y=kx функцияның графигін салу үшін О(0;0) нуктесінен басқа тағы бір нүктенің координатасын табуға жеткілікті.
6) Сызықтық функцияның графигі 1) абцисса осіне параллель;
2) ордината осіне параллель бола ма?
Ал, енді қорытынды жасасақ сызықтық функциясы
y= ах+b формуламен беріледі, графигі – түзу , екі нукте арқылы түзу сызуға болады . y= kx функцияның графигін салу үшін О(0;0) нуктесінен басқа тағы бір нүктесі жеткілікті. Сызықтық функцияның графигі абцисса осіне параллель.
Жаңа тақырыпты топқа бөлінген оқушыларға абзац арқылы оқытады. Мазмұнын түсіндіріп, кері байланыс береді.
«Жақсы тілек- жан жылуы» оқушылар бір-бірлеріне тілектер айтып, жақсы көңіл күймен сабақты бастайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Мысалдар келтіреді.
Әр топ өз міндеттерін орындайды. Әр топ өздерінің абзацтарын оқиды, бір-бірімен, жұппен, топпен өзара талқылайды.
Сабақтың ортасы.
25 мин.
Оқыту мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар:
1-тапсырма:
Тұрақты функция графигін салыңдар:
у=0;
2)у=-3.
2-тапсырма:
Тура пропорционалдықтың графигі қай координаталық ширектен өтеді:
у=3х;
у=-0,3х