3. Галвани элементінің ашылуы.
Италяндық анатом Луиджи Галвани 1786 жылы лабораториясында жануарлардың нерів жүйесін зерттеп жатты. Жаңа сойлыған бақаның аяқтарын мыс сымға байлап, жиегі темір балконға іліп қояды. Жел шайқап темір жиекке тигенде бақа аяғы жиырылатынын байқайды. Ол кезде ток жүргенде бақаның аяғы жиырылатыны белгілі еді. Әртүрлі металдармен тәжрибе жасай отырып олардың әсері де әртүрлі екенін көреді.
Физиолог болғандықтан Галвани бұл құбылысты дұрыс түсіндіре алмады, бірақ «Бұлшық еттердің қозғалысы кезіндегі электр күші туралы трактакттар» атты тәжрибесі туралы жазды. Ол еңбекті оқыған Алектсандро Вольта мынандай қорытынды жасайды. Галвани айтқандай бақаның денесінде «тірі» электр жоқ, оның бұлшық етінің жиырылуы екі өткізгішті жалғағанда пайда болған электр тогының бақа денесінен өтуінен болған деп дәлелдеді. Мұнда бақаның аяғы біздегі элоктрометрдің ролін атқарған. Осы тәжрибелерді жалғастыра отырып Вольта 1800 жылы күкірт қышықылына мырыш және күміс пластиналарды батырып, арасын қағазбен бөліп тұңғыш ток көзін жасады. Қазіргі кезде Галвани элементтері жетілдірілген. Мысалы оны қалта шамдарында үнемі қолданамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |