І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі:Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
Оқулық, жұмыс дәптерлері
ДК экраны
Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
1.Троп деген не?
2.Троптың қанша түрі?
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
№7-тапсырма. Көркемдік ерекшеліктері. Шығармашылық жұмысы.
Теңеу
Сырлыбайдың алты ұлы Алтауы бірдей бөрі еді.
Көлге біткен құрағым, Суырылып озған пырағым.
Эпитет
Үй орнындай бір жерді Төңкере тастап кетеді.
Тірісі түгіл Жібектің Өлігіне адам қайырылып Бетінен келіп өпкендей.
Метафора
Алтын тақтың үстінен
Қояндай қарғып түседі.
Ақ маңдайы жарқылдап,
Танадай көзі жалтылдап...
Жүйрік аттай ойқастап...
Кер маралдай керіліп...
Үйден шықты Қыз Жібек
Портрет
Сексен түйе қомдаған,
Сексені де болмаған
Сексен түйе үстінде Алтынды жағлан орнаған.
Гипербола
Көзі оттай жанады.
Қыз Жібектің ақтығы Наурыздың ақша қарындай, Ақ бетінің қызылы Ақ тауықтың қанындай.
Ассонанс
Қыз Жібектің дидары,
Көгала көлдің құрағы,
Көз сипатын қарасаң,
Бектер мінген пырағы.
Аллитера
ция
Ақжайыққа жөнеген,
Айдың өткен нешесі,
Ай қараңғы кешесі
Жазылым:
Дескриптор: Жалпы-3 балл: -Көркемдік ерекшеліктерін табады.
-Шығарманың жаңашылдығы неде екенін анықтай алады.
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
Жеке жұмыс
№8-тапсырма.
Берілген үзіндіні топта талқылап, кейіпкердің мақсаты мен іс-әрекетін бағалаңдар.
Дескриптор: Жалпы-3 балл. -сұрақтарға жауап береді
№15-тапсырма: Жырдан үзінді келтіре отырып, кейіпкерлерге мінездеме беріңдер
Дескриптор: Жалпы-4балл. - тапсырманы орындайды
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
«Бір ауыз сөз» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
Жеке жұмыс: Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.
Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін
«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.
«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.
Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2: