Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№2-тапсырма:
«Қазтуған» сөзіне, яғни авторға ассосация жасату, оқушының толғаулар желісі бойынша меңгергенін тезис құру арқылы байқау. Тарихи тұлға екенін айқындау (тарих пәнімен сабақтастық)
|
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
-кестені толтырады.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
Жеке жұмыс
«Түртіп алу» әдісі.
|
№3-тапсырма.
І деңгей тапсырмалары.
|
1.«Жабағылы жас тайлақ,
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты,
Жайылып мың қой болған жер» деген үзіндіде автордың не айтқысы келгенін түсінуге болады? Бұл қай жырынан еді?
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
-сыни пікір жазады
-кестені толтырады
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
|
№5-тапсырма:
І деңгей тапсырмалары.
|
1.«Белгілі бір көк сеңгір» толғауын қазіргі заманмен байланыстыра суреттеңіз.
2.Көк майсаға қонған бай ауылдың бейқам өмірі, әдемі пейзаждық сурет қай толғауында елес береді?
|
|