Сабақтың тақырыбы Сөздердің байланысу тәсілдері, сөздердің байланысу түрлері


Қабысу. Бағыңқы сөздің басыңқы сөзбен атау тұлғада тұрып, байланысуы қабысу деп аталады



бет8/9
Дата06.01.2022
өлшемі24,14 Kb.
#16274
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
4. Қабысу. Бағыңқы сөздің басыңқы сөзбен атау тұлғада тұрып, байланысуы қабысу деп аталады. Қабыса байланысқан сөздердің басыңқы сыңары көбінесе есім сөздерден, кейде етістіктерден де бола береді. Мысалы: Желсіз түнде жарық Ай (Абай), еңбекші халық, күткен күн,алтын сағат, мына кітап, жақсы оқиды, таза сөйлейді, екі келді, бір-ақ аттады.

Қабыса байланысқан сөздердің көпшілігі сөйлемде тұрақты орынға ие болады да, ол орыннан жылжытуға көне бермейді.

Қабысудың жай және күрделі түрі бар. Дара ұғымды сөздің қабыса байланысуы жай қабысу болады. Мысалы: Ағаш күрек, екі ешкі, мөлдір су, жал қарау, т.б. Қабыса байланысқан сөз тіркесінің басыңқы сыңары бірнеше сөзден тұрылуы мүмкін. Мұны күрделі қабысу дейді. Мысалы: төрт бөлмелі үй.

Сөздердің байланысу ыңғайына қарай қабысу тікелей қабысу және сатылай қабысу болып екіге бөлінеді.

Тікелей қабысу. Бағыңқы сыңардағы әрбір сөз басыңқы сыңармен өз бетінше байланысуға қабілетті болады. Мұны тікелей қабысу дейміз. Мысалы: Мөлдір таза ауа (мөлдір ауа, таза ауа); Ұзын сұлу кірпік (ұзын кірпік, сұлу кірпік): Айдалған тегіс жер (айдалған жер, тегіс жер).

Сатылай қабысу.Алдымен екі сөз тіркесіп бір ұғымды білдіреді де, өзара жігін жазбай келесі сөзбен тіркеседі. Осы тәртіппен бірнеше сөздер ұласа ұштасып қабыса беру мүмкін. Мұны сатылай қабысеу дейміз. Мысалы: Биік өкше етікті әйел; Үш қабат үй; Бір тонна көмі; Жеті жылдық тәжірибе, Ұзын бойлы жігіт; Қой көзді бала; Тез өнетін тұқым.



Тікелей қабысу – қабысудың жай түріне, сатылай қабысу – қабысудың күрделі түріне жатады. Тікелей қабысатын бағыңқы сыңарлардың кейде орындарын ауыстыруға не арсына басқа сөз қоюға болады. Сатылы қабысуда олай емес, мұндағы сөздердің орны тұрақты болады. Бағыңқы сөз басыңқы сөзбен қатар тұрады. Мысалы: Үш қабат үй (қабат үш үй деуге болмайды).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет