Қысқамерзімді жоспар №5-сабақ Сабақтың тақырыбы: Ана мен бала БЖБ
Бөлім:
Отбасы құндылықтары
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы: 5
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Ана мен бала БЖБ
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
5.2.4.1 көркемшығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Көркемшығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлеңжазады.
Көпшілік оқушылар үшін: Көркемшығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазады, талдайды.
Кейбір оқушылар үшін: Көркемшығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат арнайды.
Құндылықтарға баулу:
Оқушыларды отбасы құндылығына баулу. Отбасыдағы құндылықтар оның мүшелерінің қарым-қатынасынан құрылады. Оқушыларды отбасындағы мүшелерді: атасын, әжесін, әкесі мен анасын, іні-қарындастарын сыйлауға, құрметтеуге, кішіпейілділік танытуды үйрету. Қазақ халқы отбасы құндылықтарына аса зор мән берген.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.
2.Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.
3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңберіжүзеге асырылады.
Шеңбер бойынмен тұрған оқушыларға тапсырма:Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
3.Оқушыларды топтарға біріктіру.
Конфеттер арқылы 2 топқа бірігеді.Оқушыларға 2 түрлі конфет таратылады. Өздерінің қалаған конфетін алып топтасады.
Мақсаты:Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар: 1.Ана мен баланың қарым-қатынасы туралы әңгімеле.
2.Ана мен бала ара-қатынасықандай болу керек?
Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.