Сабақтың тақырыбы: Табиғи ресурстардың жай-күйі Мұғалімнің аты-жөні: Ахметова Г. О. Күні



бет3/5
Дата15.05.2023
өлшемі314,19 Kb.
#93250
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
02.05 9-сын Тіл ҚМЖ

Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Арқаға жазылған комплименттер»
Әр оқушының арқасына түйрегішпен (немесе скотчпен) А-4 форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір-бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-біріне жазылған комплименттерді оқып береді.


Бағалау критерийлері
Мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіру, сыни тұрғыдан баға беру.
Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеу.
Кесте, диаграмма, сызба, сурет түріндегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу
Дескриптор
Мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға бере алады.
Тақырыптың маңызы туралы дәлелдейді.
Кесте, диаграмма, сызба, сурет түріндегі мәліметтерді салыстырады, өңдейді.



Комплимент жазылған А4 парақтары



Ортасы 20 минут

Білу және түсіну 10 минут


Жаһандану тарихы
Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40-50-ші жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте , “Рэнд” корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында, Психологиялық стратегиялар басқармасында тұжырымдалды.
Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттықтөңкеріс бұлпроблемалардыңжаҺандықөлшемге ие болуына ықпал етті.
Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықар. ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр.
Қолдану
Тапсырмалар

  1. Мәтін мазмұнын 5 сөйлем арқылы мазмұндаңыздар.

  2. 10 кілт сөзді табыңыздар.

  3. Мәтін бойынша 10 жалған тұжырымдама жазыңыздар.

Оқушыларға тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеуге тапсырма беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет