Сабақтың басы
(10 минут)
|
Оқушыларды түгендеу, амандасу.Психологиялық
ахуал тудыру , ынтымақтастық атмосферасын құру.
Қайыр лы күн достарым,
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн , биылғы жыл!
Сәттілікке толы болсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең – кілең бестік болсын
Топ атын анықтау: «Орны ауысқан» әріптер
I - Физиктер
II – Химиктер
III – Биологтар
( топ басшысын сайлау)
«Жабық тест» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
1.Таулардың пайда болуы................. байланысты.
2. Тау түзілісі – тектоникалық қозғалыстың..........
3. Жер бедеріне ұзақ уақыт бойы жер бетіне эндогендік..................................................................
4. Жер бедерін зерттейтін ғылымды......................
5Егер де тау түзілу үдерісі болмаса.......................
6. Қазақстанның ең биік нуктесі.............................
7.Литосфералық тақталардың бір-біріне соқтығысуынан ........................................................
8. Дуние жүзіндегі ең биік нукте............................
9.Қазақстанда таулар қанша пайызын алып жатыр..
10. Экзогендік куш дегеніміз ................................
Бағалау шкаласы арқылы әркім өзі тексереді
|
АКТ қолдану
|
Сабақтың ортасы
(25 минут)
|
№ 1 Тапсырма «Миға шабуыл» әдісі Сурет арқылы жаңа тақырыпты ашу. Таулар туралы не білеміз?
1. «Үгілу» сөзін естігенде сендердің қөз алдарыңа не елестейді?
2. «Үгілу» сөзіне анықтама беріңдер
3. Үгілу нәтижесінде не болады
Дескриптор:
Үгілу туралы сұрақтарға жауап береді
Үгілу нәтижесінде не болатындығын айтып береді
(Қб) Смайликтер беру арқылы ынталандыру
Видио ролик көрсету
№ 2 тапсырма «Шеңберлі ақпарат» әдісі
(Постермен жұмыс)
Дескриптор
Физикалық үгілуді анықтайды.
Таулардағы химиялық угілуді анықтайды , сипаттайды.
Биогендік үгілу үдерісін сипаттайды.
(Қб) От шашу арқылы мадақтау
№ 3 – тапсырма «Кім жылдам» әдісі кестені
Толтыру.
Үгілу түрі
|
себептері
|
Физикалық
|
Су, жел , температура әсерінен бұзылады
|
Химиялық
|
Судың әсерінен бұзылатын еритін тау жыныстары
|
Биогендік
|
Өсімдіктер,жануарлардың әрекетінен бұзылатын тау жыныстары.
|
Дескриптор
Физикалық үгілуді ажырата алады
Химиялық үгілуді ажыратады
Биогендік үгілудің турін біледі
(Д) № 4 саралау тапсырмасы. «Сұрақтарды ұстап ал» әдісі .
1.Үгілудің қанша түрі бар ?
2. Экзогендік дегеніміз не?
2.Таудың үгілуіне не әсер етеді?
3.Физикалық үгілу деп нені айтамыз?
4.Химиялық үгілу деп нені айтамыз?
5.Биогендік үгілу деп нені айтамыз?
Дескриптор
Таулардың үгілу түрлерін анықтайды
Үгілудің сыртқы куштердің әсерінен болатындығын біледі
(Қб): Өзара бағалау арқылы мадақтау.
|
Жаратылыстануоқулығы Атамұра баспасы, 33 параграф, 110 бет
Постермен жұмыс
|