8.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау ;
8.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап,әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасай алады
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
М.Әуезов атындағы қазақ драма театры туралы қандай ақпарат білесің?
Қай театрға жиі барасың?
Қандай спектакль көрдің?
Актерлердің ойындары ұнады ма?
. Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру
Оқулық, жұмыс дәптерлері
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
тапсырма: Қазақтың кәсіби театр өнері тақырыбы бойынша жинақталған материалдарды пайдаланып, «Қазақ театры» тақырыбында эссе дайындау үшін тезистік жоспар құр.
Қазақтың кәсіби театр өнері тақырыбы бойынша жинақталған материалдарды пайдаланып, «Қазақ театры» тақырыбында эссе дайындау үшін тезистік жоспар құрады