4-есеп. Газдың қысымы 0,98*105 Н/м2 және 15 С температурадағы көлемі 2 л-ге тең. Газдың көлемі 4 л-ге дейін, ал температурасы 20 С-қа дейін артқан, оның қысымы қандай болады.
Шешуі: Осы жағдайда көлем де, қысым да , температура да өзгеріп отыр, сондықтан бұл есепті шығару үшін газ күйінің біріккен теңдеуін пайдаланамыз. Ол теңдеу бойынша , осыдан 105 Н/м2
5-есеп. Көлемі тұрақты баллондағы газдың температурасы 7С, ал қысымы 0,15 МПа . Осы баллонды қыздырып, температурасын 100С-қа жеткізгенде, қысымы 0,20 МПа-ға жетті. Қысымның термиялық коэффициентін табыңдар.
Шешуі: Бұл изохоралық процесс. Шарль заңы бойынша
P1=P0(1+ γ t1) P1=P0(1+γt2)
Мұндағы P0- 0 С-тағы газ қысымы. Осы екі теңдеуден:
6-есеп. Көмірқышқыл газы айдамаланатын түтіктегі қысым 392 кПа, ал температура 280К.Осы түтіктен 10 минут ішінде 20 кг ағып өтетін болса, газдың түтіктегі орташа жылдамдығы неге тең? Түтіктің көлденең қимасын 5 см2 деп алындар.
Шешуі: Бұл есепке Менделеев- Клапейрон теңдеуін пайдаланамыз:
Көмір қышқыл газының (С02) молярлық массасы М=4,4 –
10~2 кг/моль деп аламыз. Газдың көлемі V= SI, ал l = t екенін ескерсек: V=St, осыны (1) формулаға апарып қоямыз: ,осыдан v=
VII. Қорыту
Оқушыларға тақырып бойынша сөзжұмбақ жасау, физикалық диктант, шарада жасау тапсырылады. Оны шешу арқылы қорытынды жүргізіледі.
Изопроцесс
Тұрақты массада
Заңның математикалық жазбасы
Изопроцесс графикері
Термодинамика І заңы
∆U = A + Q или Q = ∆U + A′
Изо-
термиялық
Т = const
T- const, ∆T=0, яғни ∆U=0, онда
Q = A′
Изобаралық
p = const
Температура жоғарылайды ∆T>0, ішкі энергия өседі ∆U>0
Q = ∆U + A′
Изохоралық
V = const
Газды қыздырады Q>0, ішкі энергия
өседі ∆U>0, но ∆V=0 (көлем тұрақта яғни А=0 ∆U = Q
Мен не білдім? Мен нені үйрендім? Мен неге көңіл бөлуім керек?
VIІI. Бағалау. Әр оқушының бағалау парағында алған ұпай санына қарай жүреді.
Үй тапсырмасы. Тақырып бойынша конспект жасау. Есептер жасау, шығарылу жолдарымен. ҰБТ есептерінен тақырыпқа сай есептерді талдау, §5.7-5.8 11жатт.(10-14)