Мақсаты:Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
№1-тапсырма Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқып түсіндіріп береді, жаттығуларды орындатады.
1-тапсырма. Тыңдалым
Мәтінді үнтаспадан тыңдп, әртүрлі жастағы адамдардың талғамын есте сақтайды. Қандай сөздер естерінде қалды?
2-тапсырма'>2-тапсырма. Айтылым.
Оқулықтағы сұрақтарға жауап береді.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл. - Мәтінді тыңдайды.
- Сұрақтарға жауап береді.
5-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері
і
№2-тапсырма Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
3- тапсырма. Айтылым-Полилог.
Киім тігудегі қазақ халқының талғамын жас ерекшелктерімен байланыстырып әңгімелейді.
4-тапсырма. Жазылым.
Қазақ шеберлері киімдерді қалай сәндеген ? Нақты мысалдармен дәлелдейді. Кім?не? қандай? Не істеді? Деген сұрақтарға жауап беретін сөздер болсын.