Сабақтың тақырыбы: Тіл-қарым-қатынас құралы. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі №1-сабақ. Бөлім



бет62/97
Дата07.10.2024
өлшемі13,06 Mb.
#146984
түріСабақ
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   97
Байланысты:
5 сынып қазақ тілі 1-тоқса

Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі сән
17-сабақ.

Бөлім:

2-бөлім .Киім. Сән. Талғам

Педагогтің аты-жөні:

Зейнуллина Н.Б

Күні:




Сыныбы: 5А

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі сән

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.Т/А4.Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау
О2.Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазбаша стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Білім алушылар Оқшау сөздерді түсіндіре алады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі

Оқулық, жұмыс дәптерлері
ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Кез келген стиль мен екінші бір стильді үйлестіріп кию деген не?

2. Эклетикалық стильдің басты белгісі не?


3. Класикалық стильге қандай стильдер жатады?


Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет