Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
2 6 мин.
|
№1-тапсырма:
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқып береді,
берілген жаттығуларды орындатды.
|
1-тапсырма. Тыңдалым.
Мұғалім оқыған мәтінді тыңдайды. Мұғалімнің қандай сөздерге екпін түсіріп оқығанын аңғарады.
2-тапсырма. Айтылым.
Сұрақтарға жауап береді.
1. Мәтіндегі негізгі ақпаратты беріп тұрған сөздер қайсы?
2. Қазақ дәстүрінде қайырымдылық қалай жүзеге асқан?
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
-Тапсырманы орындайды.
|
5-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
|
|
№2-тапсырма:
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
4- тапсырма. Айтылым.
«Қазақ халқының ертеден келе жатқан аса үлкен тойы- ас беру» деген тақырыпта ой бөліс ұйымдстырады.
Дескриптор: Жалпы 4 балл.
- Ой бөліс ұйымдастырады.
|
5-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
|
|
№3-тапсырма:
Оқулықта берілген айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
5-тапсырма. Жазылым- Айтылым.
Суреттерге қарап, оқиғаларды әңгімелейді. Салт- дәстүрлерді бейнелейтін сөздердің мағынасын түсіндіреді.
|