ІІІ. «Жеті жұрттың тілін біл» кезеңі
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл – деп кезекті сайысымыздың шарттарымен таныстырайын.
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендерге жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Әр топқа 5 жұмбақ жасырылады. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
І топ
1. Қабат – қабат қаптама
Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)
2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух - air)
3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык - language)
4. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
5. Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа - school)
ІІ топ
6. Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады (Қоян - заяц - carrot)
7. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз - слова - words)
8. Мұрты бар, иегінде сақалы жок,
Тоны бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапары жоқ. (Мысық - кот - cat)
9. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат - часы - Watch)
10. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн - солнце - Sun)
Достарыңызбен бөлісу: |