Сабақтың тақырыбы Тілдің сөздік құрамы Сабақтың мақсаты :
а) Оқушылардың лексика туралы түсінігін кеңейту,қазақ тілінің құрамы туралы түсінік беру,меңгерту ;
ә) Жаңа сабақты түсіндіру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,тіл байлығын,сөздік қорын дамыту;
б) Жаттығу жұмыстарын орындату арқылы оқушыларды табиғатты сүюге,сөздерді дұрыс қолдана білуге,ана тілін сүюге тәрбиелеу
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : түсіндіру сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,деңгейлік тапсырмалар т.б
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырма еркін тақырып бойынша әңгіме жазу. Оқушылардың әңгімелерін оқытамын
Газет-журналдардан оқыған әңгімелері туралы сұраймын. Сөздік қордан өткенді қайталау үшін пысықтауға арналған сұрақтар.
1.Қазақ тілінің сөздік қорына жататын атаулар қандай ?
2. Туыстық қатынасты білдіретін атауларды ата.
3. Мал атауларына қандай атаулар жатады ?
4.Табиғат құрылыстарының атаулары ?
5. Аң-құс атауларына қандай сөздер жатады ?
6. Заттардың түр-түсін,сапасын білдіретін атаулар.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады.Сөздік құрамға халықтың тұрмыс жағдайын,кәсібін,мәдени қалпын танытатын барлық сөздер енеді. Қазақ тілінің сөздік құрамына халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздер де,кейінен пайда болған жаңа сөздер де,термин сөздер де, диалектизмдер мен кәсіби сөздер де кіреді.
2. Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жағдайына қарай жай қолданылатын сөздер және сирек қолданылатын сөздер болып бөлінеді.
Шығармашылық жұмыс : 144-жаттығу. 1.Күз суретіне зер салыңдар және сол бойынша мәтін құрап жазыңдар. 2. Мәтінде іс-әрекетті білдіретін сөздер-баяндау сынды сипатты білдіретін сөздер-суреттеу болады. Өздерің жазған мәтінде осылардың қайсысы басым екенін айтыңдар.
Жеке оқушылармен жұмыс : Төменде берілген сөздерге алдымен қосымша жалғап сонан соң сөйлем құрап жазыңдар.
1. Мен,жаз,өзен,көп,шомыл.
2. біз,ауыл,маңы,ағаш,қалың,өс.
3. Айжан,жолдас,кітап бер.
4. Таңертең,күн,шай,ашық,бол,кеш,қатты,өзгер
Білімді бекіту : Оқушылардың жаңа сабақтан алған білімдерін тереңдету әрі тиянақтау мақсатында пысықтауға арналған сұрақтар мен үлестірмелі кеспе қағаздар таратамын.
Бағалау : Оқушыларды үй тапсырмасының орындалу барысына,жаңа сабақта береген жауаптарына,сабаққа деген ынтасына қарай бағалаймын.
Үйге тапсырма : Қазақ тілінің сөздік құрамы туралы оқып келу. 145-жаттығу.Сөйлем құрау