Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал. "Ыстық лебіз" Оқушылар бір -біріне жылы лебіздерін білдіреді. Көңіл күйін сабаққа аудару. Үй тапсырмасы: «Қарлы кесек» әдісі бойынша өткен тақырыпты еске түсіреді. Ақ қағазға сұрақтар жазып қар сияқты келесіге оқушыға лақтырып, тосып алған оқушы сұраққа жауап береді.
Оқушылардың дұрыс жауаптарын мадақтау.
«Қызығушылықты ояту» әдісі арқылы экранға жануарлардың суретін шығарып, суық жерге, шөлді, таулы аймаққа, судағы, ормандағы жануарлар деп ажырату.
ҚБ.Топтар бірін-бірі дескриптор арқылы бағалайды.
Сыныптағы оқушыларды «Саңырауқұлақтар» , «Өсімдіктер», «Жануарлар» суреттер бойынша топқа бөлу.