9.2.1.5-атом құрылысы негізінде алюминийдің қасиеттерін түсіндіру, оның маңызды қосылыстары мен құймаларынның қолдану аймағын атау
9.2.1.6-алюминий, оның оксиді мен гидроксидінің екідайлы қасиеттерін зерттеу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Атом құрылысы негізінде алюминийдің қасиеттерін сипаттайды
Көпшілік оқушылар үшін: Алюминий, оның оксиді мен гидроксидінің екідайлы қасиеттерін біледі
Кейбір оқушылар үшін: Алюминий және оның қосылыстарымен таныс
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.